Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, РК Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Open Element бас директоры Мустафа Аккари (АҚШ), Hands Corporation төрағасы Сын Хён Чан (Оңтүстік Корея), ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров

4 ақпанда Астанада отандық Astana Motors компаниясы мен халықаралық серіктестер – Open Element (АҚШ) және Hands Corporation (Корея Республикасы) арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Келісім аясында компоненттерді, атап айтқанда алюминий дөңгелек дискілерін жоғары технологиялық өндіру жобасы көзделген.

Astana Group
Меморандумға қол қою алдында ҚР Үкімет үйіндегі кездесу

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың және Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты. Құжатқа Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Hands Corporation компаниясының төрағасы Сын Хён Чан (Seung Hyun-chang) және Open Element негізін қалаушы және бас директоры Мұстафа Аккари (Mustapha Akkari) қол қойды.

Аталған жоба автокөлік өнеркәсібінде локализацияны тереңдетуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Қазақстан, АҚШ және Корея Республикасының ірі компаниялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру елімізде өзара байланысқан салаларды дамыту мен автокомпоненттердің тұрақты экожүйесін қалыптастыру жолында маңызды қадам болмақ. Жоба заманауи зауыт салуды көздейді.
Кәсіпорын Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша толық технологиялық циклмен, оның ішінде озық инженерлік және өндірістік шешімдерді трансферлеуді қамтитын алғашқы заманауи өндіріс болады.

Astana Group
Суретте: Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында қолданылып жатқан Hands дискілері

Кореялық Hands Corporation компаниясы – алюминий дөңгелек дискілерін әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі. 1972 жылы құрылған компания әлемдегі жетекші 6 өндірушінің қатарына кіреді және Оңтүстік Корея нарығының 60%-дан астамын алып отыр. Hands Corporation компаниясының Корея Республикасы, Қытай және Мароккода өндірістік нысандары бар, ал оның клиенттерінің қатарында Hyundai, Kia, GM, Ford, Volkswagen және Skoda сияқты жетекші автоөндірушілер бар.

«Бізде сенімді технологиялар, масштаб және жаһандық түпнұсқа жабдықтар өндірушілерімен жұмыс істеу тәжірибеміз бар. Қазақстан біздің өндірістегі қатысуымызды кеңейту жолындағы келесі қисынды қадам болды», - деді Hands Corporation компаниясының төрағасы Сын-Хён Чан.

Американдық Open Element – автокөлік компоненттерін өндіруді локализациялауға және масштабтауға маманданған компания.

«Open Element компаниясында біз технология, адами капитал және ұзақ мерзімді сұраныс тоғысатын интеллектуалды өндірістік жеткізу тізбектерін құрамыз. Қазақстан дәл осы мүмкіндікті, яғни нақты өнеркәсіптік ауқымдылығы мен масштабталуға деген ұмтылысы бар нарықты ұсынады. Astana Motors компаниясымен серіктестік бұл тұжырымдамаға серпін береді. Компанияның автокөлік секторындағы көшбасшылығы, қолданыстағы өндірістік қуаты және жоғары сұраныс тұрақты, жаһандық бәсекеге қабілетті және болашаққа бағытталған жобаның негізін құрайды», - деп атап өтті Open Element негізін қалаушы және бас директоры Мустафа Аккари.

Astana Group
Суретте: Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Hands дискілерін орнату жұмыстары

Шетелдік серіктестердің пікірінше, инвестициялық орын ретінде Қазақстанды таңдау экономикалық және стратегиялық факторлардың үйлесіміне байланысты болды. Қазіргі уақытта Қазақстан автокомпоненттер импортына тәуелділігі жоғары болуына қарамастан, автокөлік өндірісінде тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Бұл өндірісті локализациялауға объективті қажеттілік тудырады. Сонымен қатар шикізат базасының және дамыған алюминий секторының болуы қосымша фактор болды. Бұл Қазақстанда алюминий дискілерінің жергілікті өндірісін экономикалық тұрғыдан тиімді және бәсекеге қабілетті етеді.

«Бірінші кезеңде зауыт өнімдері Astana Motors автокөлік зауыттарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Алдағы уақытта жоба ЕАЭО және ТМД елдерінде жеткізілімдерді ұлғайтуды және автоөнеркәсіптің басқа да қатысушыларымен жұмыс істеуді көздейді», - деп атап өтті Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру Қазақстанның тек ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен қатар өңірлік нарықтар үшін де ірі автокомпоненттер өндірушісі және жеткізушісі рөліне көшу жөніндегі ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі болып саналады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.