Almaty Museum of Arts – Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Орта Азиядағы алғашқы жеке заманауи өнер мұражайы. Мұражайда соңғы отыз жылда жиналған қазақстандық және халықаралық заманауи өнер топтамасы сақталады. Мұражай бағдарламасы әртүрлі медиадағы заманауи өнерге бағытталады және Орта Азия мен одан тыс жердегі қазіргі ахуалды көрсетеді. Мұражай балаларға және ересектерге, жалпақ жұртшылыққа және көркемөнер қауымдастығына арналған әртүрлі білім беру және мәдени бағдарламалардың кең ауқымын ұсынатын болады. Мұражай қонақтарға ең жоғары сападағы тәжірибе ұсынатын қоғамдық қонақжай кеңістікке айналады.

Вебсайт          Instagram

 

Ашылуы
2025 жылдың көктемі

 

Жалпы ауданы
8900 м2

 

Мұражай ғимаратының жобасын 60-тан астам елдегі ғимараттардың авторы – британдық Chapman Taylor сәулет бюросы халықаралық мұражайды жоспарлау жөніндегі Lord Cultural Resources консалтинг компаниясымен және Buro Happold инженерия саласындағы кеңесшілерімен бірге жасады.

Ғимаратта халықаралық мұражай стандарттарына сәйкес жобаланған уақытша және тұрақты экспозиция залдары, көп функциялы зал, қор қоймасы, реставрациялық шеберхана, білім беру шеберханалары, кафе және дүкен орналасатын болады.