Жақында ғана Австралияда өткен велоспорттан әлем чемпионатында топ жарған Евгений Федоров жаңа автокөлікке ие болды. Astana Motors компаниялар тобына кіретін Hyundai Trans Kazakhstan зауыты ел намысын абыроймен қорғаған велошабондозға осындай сыйлық жасады. Темір тұлпардың кілтін Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов табыстады.

Евгений Федоров Қазақстан ұлттық құрамасының велошабандозы. Ол бұған дейін де талай жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүрген. Талдықорғандағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт мектебінің түлегі. 23 қыркүйек күні велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан медаль тақты. Ондағы жарыс жолының ұзақтығы 170 шақырымға жуық.

slider_149
slider_150
slider_151
slider_152

Евгений Федоров, велоспорттан әлем чемпионы:
— Әрине маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысым шексіз. Менің Astana Kazakhstan Team командасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 2 жыл болды. Алдағы уақытта да бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Федерация басшылығы жетістігімді бағалап жатыр. «Астана Моторс» компаниясына маған жасаған сыйлығы үшін рахмет. Жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын.

Айта кетейік, Евгений Федоров 2012 жылы әлем чемпионы атанған Алексей Луценконың жеңісінен кейін араға 10 жыл салып әлем чемпионы жейдесін жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов жас спортышының талай биіктерді бағындыратынына сенім білдірді.

Нұрлан Смағұлов, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті:
— Біз әрине жеңімпазға қошеметімізді аямаймыз. Міне бүгін ол үйіне Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шыққан Hyundai Elantra көлігін мініп қайтады. Оның ата-анасына, жаттықтырушысына да ризашылығымызды білдірдік. Евгенийдің болашағы зор. Біз одан тек қана жеңіс күтеміз.

slider_147
slider_148

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan и cycling.kz
Дереккөз: 24.kz


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.