Almaty Museum of Arts — коллекционер және меценат Нұрлан Смағұлов салдыратын заманауи өнер мұражайы. Онда меценаттың жеке коллекциясынан 20 ғасырдағы қазақ және әлемдік өнер туындылары болады.

«Біз бұл мұражайды — Орталық Азия мен халықаралық суретшілердің шығармаларын таныстыру және қазіргі заманғы өнерді танымал ету үшін салып жатырмыз. Алматының қақ ортасынан берілген жер телімі мен қолдау үшін Бақытжан Әбдірұлы бастаған әкімдікке алғысымды білдіремін», — деді Нұрлан Смағұлов.

Музей Әл-Фараби мен Н. Назарбаев даңғылдарының қиылысында, Алматы әкімдігі берген 1,7 гектар аумақта орналасады. Almaty Museum of Arts-тың архитектуралық жобасын қоғамдық және мәдени кеңістіктерді жобалауда мол тәжірибесі бар британдық Chapman Taylor бюросы әзірледі.

Сәулетшілердің негізгі міндеті - әр түрлі өнер көрмелерін өткізетін Алматының жаңа архитектуралық мекенін құру болды. Мұражай «Таулар» мен «Қаланы» бейнелейтін L пішінінде қиылысатын екі ғимараттан тұрады. Бұл жабық кеңістік болады және мұражайға Н. Назарбаев даңғылынан кіретін негізгі кіреберіс пен жаңа Балет театрының кіреберісі арасындағы байланысты құрайды. Тау шатқалын еске салатын бұл кеңістік мұражайдың негізгі күретамыры болып табылады. Жалпы ауданы 10 400 шаршы метрді құрайтын ғимаратта уақытша және тұрақты көрмелерге арналған залдар, кітапхана, театрландырылған қойылымдар мен концерттерге арналған алаң, балалар мен ересектерге білім беруге арналған залдар, кафе, мейрамхана, дәріс залдары және өнер туындыларының кәсіби қоймасы болады.

Chapman Taylor Almaty Museum of Arts жобасын мұражайлар, көркем галереялар және басқа да мәдени мекемелерге жоспарлау қызметтерін ұсынатын Lord Cultural Resources әлемдік консалтингтік компаниясымен бірлесе жасады. Lord Cultural Resources Сан-Франциско заманауи өнер мұражайы, Бильбаодағы Гуггенхайм мұражайы, Дохадағы Катар ислам өнері мұражайы, Помпиду орталығы мен Париждегі Лувр мұражайы сияқты мұражайларды жасаған. Инженерлік кеңесшілер мұражайларға инженерлік шешімдерді әзірлеуде 40 жылдық тәжірибесі бар халықаралық Buro Happold компаниясы. Бұл компания Абу-Даби Лувры, Лондонда Британ мұражайы, Лос -Анджелестегі LACMA мұражайының инженерлік қызметін әзірледі.

Almaty Museum of Arts-тың көрме залдары әлемдік мұражайлардың барлық талаптарына жауап беретін болады, бұл Алматыда әлемдік көрме өткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, уақытша көрмелерге арналған залдың ауданы 1000 шаршы метрді, ал төбесінің биіктігі 12 метрді құрайды, онда монументалды экспонаттарды қоюға болады.

Мұражайдың құрылысы 2021 жылдың қарашасында басталады, ал оның ашылуы 2023 жылға жоспарланған. Almaty Museum of Arts барлық халықаралық талаптарға сай салынады, бұл Алматыда әлемге әйгілі көрмелер мен экспонаттарды қабылдауға жағдай туғызады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.