Жобаны жүзеге асыру бойынша алғашфнда жасалған есептулер бойынша 21 млн теңге қаржықажет болды. Алайда кейіннен қосымша шығыс баптары: өрт сөндіру, желдету, бейнебақылау, кондиционерлеу және электр тоғы жүйелерін театрдың ерекшеліктеріне бейімдеу секілді тұстар пайда болып, жөндеу жұмыстарының құны ұлғая түсті.

Театр көрермендері орасан зор өолдау көрсетіп, краудфандинг платформасы арқылы 4,2 млн теңге көлемінде қаржы жиналып, сондай-ақ театрда орнатылған арнайы бокс арқылы тағы 1 млн теңге келіп түсті.

Театр құрылысына 9,5 млн теңге көлеміндегі ең қомақты үлесті «Астана Моторс» компаниясы қосқан. Бұл сома театрды жөндеу мен әрлеу жұмыстарынажұмсалған негізгі шығынды өтеді. MEGA Management девелоперлік компаниясы ARTиШОК театрын құрылыс мәселелері бойынша кеңес беруде.

Театрдың өзі құрылыс жұмыстарына 5 млн теңге қаржы салған.

— Қорытынды шығару әлі ерте, сонда да айтарым, біз бір «жұқпалы», бұрын-соңды болмаған жобаны іске асырып отырмыз. Өйткені бұған дейін өнер аумағында осынау жаңашыл әрі маңызды істі әртістер, қоғам және бизнеспен бірлесіп істеу болып көрмеген шара. Қазір біз ерекше әрі күрделі кезеңді басымыздан өткеріп отырмыз. Бұл театр өсімінің кезеңі. Егер сен 16 жыл бойы астыңғы қабаттағы кішігірім «пәтерде» тұрып, үлкен үйге көшсең, бұл — нағыз ғажап оқиға болары анық. Кейде жаңа жерде не қажет болып қаларын түсіну қиын. Демек, керек-жарақтың барлығы — үтік басу тақтасы мен принтерден бастап, ыдыс жуу және кофе машинасына дейінгі заттарды екі есе артығмен алу қажет. Әлбетте, осының бәрі қосымша шығын, ал біз бұл туралы о баста ойлаған да жоқпыз. Үлкен сахнаны салуға қолдау көрсету әлі де өзекті мәселе әрі біз сол көмекті қабылдауға әзірміз, — деп көрсетті ARTиШОК театрының басқарушы директоры Анастасия Тарасова.

Жаңа алаңды іске қосу 18 қазанға жоспарланған. Осы уақытқа дейін театр барлық құрылыс жұмыстрын аяқтап, дыбыс және жарық құрал-жабдықтарының монтажын да тәмамдауды көздеп отыр. Үлкен сахна #ПРЯМОПОТОЛЕБИ спектаклімен ашылмақ. Бұл ARTиШОК театрының Алматы туралы авторлық және ең кассалық қойылымы.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.