8-9 қазанда Satbayev University жоғары оқу орнында «Астана Моторс»компаниясы ұйымдастырған бірегей тренинг өтті.

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Өткен жылы Satbayev University және Hyundai Trans Kazakhstan зауыты кадрлар резервін құру, машина жасау саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, сондай-ақ өндірістік процестер мен білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар теориялық және практикалық бағдарламаларды дайындау, тәлімгерлік жүйесі мен қос тарапты оқытуды енгізу, сондай-ақ MBA және DBA деңгейлі техникалық және басқарушылық кадрларды даярлау шараларын қамтитын жол картасын жасады. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен зертханаларын жүзеге асыру үшін «Астана Моторс» және R&D орталығы негізінде машина жасау кафедрасының филиалын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Hyundai Motor Company болашақ қазақстандық мамандарды оқыту үшін оқу материалдарын, тораптар мен агрегаттардың макеттерін, үлгілерін тұрақты түрде ұсынып отырады, сондай-ақ болашақ мамандар үшін практикалық біліммен бөлісуге дайын тұлғалармен кездесулер өткізеді.

Осылайша, ынтымақтастық аясында «Астана Моторс» компаниясы ұйымдастырған бірегей тренинг өтті. Оңтүстік Кореядан келген Hyundai Motor Company-дің жетекші инженерлері Энди Ли және Тейлор Сон автокөлік саласындағы ең соңғы зерттеу жұмыстарымен және жетістіктермен таныстырып, өзекті сұрақтарға жауап беру үшін қазақстандық студенттермен кездесті.

Спикерлер электрлік және электрондық жүйелер саласындағы озық технологиялар, сондай-ақ электрмобильдер туралы баяндап, ADAS (Advanced Driver Assistance System) электронды технологиясына шолу жасады және жүйе жұмысының негізгі қағидаларымен бөлісті. Спикерлер сөздерін аяқтағаннан кейін, студенттер спикерлермен тілдесіп, Hyundai электрмобильдеріне арналған E-GMP EV  симулятор платформасын және алаңда ұсынылған IONIQ 5 электр автокөлігін егжей-тегжейлі зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Суретте: Hyundai Motor Company, Astana Motors және Satbayev University өкілдері.

Суретте: Hyundai Motor Company, Astana Motors және Satbayev University өкілдері.

Қатысушылар өткізілген басқосу университеттің әлемдегі ең ірі автокөлік жасау компанияларының бірімен кәсіптік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болғанын атап өтті. Satbayev University студенттері үшін осындай деңгейдегі мамандармен танысу – автоөнеркәсіпте қызмет етіп қана қоймай, соңғы зерттемелерді енгізу арқылы оны дамытатын адамдардың өздерінен ең өзекті зерттеу жұмыстары мен үрдістер жөнінде ақпарат алудың тамаша мүмкіндігі. Оған қоса, олардың басым көпшілігі үшін Hyundai Trans Kazakhstan болашақ жұмыс орны болуы мүмкін, себебі зауыт машина жасау саласындағы кадрлар резервін құру жұмысын белсенді жүргізуде. Қазіргі уақытта кәсіпорында 1300-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев серіктес компаниялармен осындай тығыз ынтымақтастық студенттерге оқуды аяқтағанға дейін өндірісте жұмыс істеу үшін қажетті барлық практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.