Денис Александрович Коломацкий ақпан айының соңында Hyundai Auto Kazakhstan директоры қызметінен кетті. Наурыз айынан бастап Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясын бұрын «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған Марат Мұратбекұлы Смағұлов басқарады.

Марат Смағұлов өзінің мансабын маркетолог ретінде бастады, өңірдегі Hyundai брендінің имиджін құру үшін жұмыс істеді және клиенттермен қарым-қатынасты дамытты. Сондай-ақ, Hyundai және Toyota дилерлік орталықтарында сату департаменттерін басқарды, «Тойота Центр Астана» директоры болып жұмыс істеді.

Өз кезегінде «Астана Моторс» дилерлік желісін дамыту жөніндегі директор ретінде Дархан Алтынбекұлы Әлімұқанов тағайындалды. Бұған дейін ол «Бавария Астана» және «Тойота Центр Астана» дилерлік орталықтарының директоры болған.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды