Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

CEO THN Чэ Сынхун, директор департамента продаж THN Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, THN Corporation бас директоры Чэ Сынхун, THN Corporation ксату жөніндегі директоры Джонг Енгхэ.
Қазақстанда автокомпоненттерді жергіліктендіру жөніндегі жаңа жоба іске асырыла бастады. Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation автокөліктердің сымдар шоғырларын өндіретін Kazakhstan Wire Systems атты бірлескен кәсіпорын құруда.
Тиісті келісімге Алматы қаласында THN Corporation компаниясының бас директоры Чэ Сынхун (Chae Seounghoon) және Astana Motors компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.
Жаңа өндіріс орны Алматыдағы Astana Motors технопаркінің құрамына кіреді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 4,6 миллион АҚШ долларын немесе шамамен 2,3 миллиард теңгені құрайды. Өндірісті іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған.
ФОТО: THN Corporation сымдар шоғыры
Жобаның серіктесі болып автокөлік сымдары шоғырларын өндіретін әлемдік жетекші компаниялардың бірі – THN Corporation жұмыс істейді. Компания 1986 жылы құрылған, бас кеңсесі Корея Республикасының Тэгу қаласында орналасқан. THN – Корея қор биржасында тіркелген ашық акционерлік компания. 2007 жылы компания Hyundai және Kia компанияларының технологиялық стандарттарына сәйкестігін растайтын бес жұлдызды сертификатқа ие болып, Hyundai Motor Group үшін ресми жеткізуші мәртебесін алған. Бүгінде THN Corporation өндірістік желісі Оңтүстік Корея, Қытай, Вьетнам, Филиппин, Мексика, Парагвай, Бразилия және басқа да бірқатар елдерді қамтиды. Компания сонымен қатар автокөлік электроникасы саласында, соның ішінде электр көліктеріне арналған жоғары вольтты сымдарды өндіру бағытында зерттеулер мен әзірлемелер жүргізеді.
«THN Corporation – Hyundai Motor Group тобының басты жеткізушілерінің бірі және бүкіл әлемдегі Hyundai мен Kia зауыттарын сым шоғырларымен қамтамасыз етеді. Бірлескен кәсіпорынның құрылуы Қазақстанда автокомпоненттердің жергілікті өндірісін дамытуға және технологиялық базаны кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Бекнұр Несіпбаев.
Алғашқы кезеңде кәсіпорын шамамен 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Кейіннен қызметкерлер саны 500 адамға дейін ұлғайтылмақ. Зауыттағы кадрлық құрамның басым бөлігін әйелдер құрамақ. Компанияның бағалауынша, өндіріс қызметкерлерінің шамамен 70% әйел азаматтар болады.
ФОТО: THN Corporation сымдар шоғыры
Автокөлікке арналған сымдар шоғыры – көліктің барлық электрондық жүйелерін өзара байланыстыратын маңызды құрамдас бөлік. Ол қозғалтқыштың, қауіпсіздік жүйелерінің, жарықтандырудың, мультимедиялық құрылғылардың және жүргізушіге көмек көрсететін электрондық функциялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, электр қуаты мен деректер сигналдарын өткізеді.
2026 жылдың желтоқсан айында Kia Sportage автокөліктеріне арналған сымдар шоғырларын өндіруді бастау жоспарланып отыр. Ал 2027 жылы Hyundai Tucson модельдеріне арналған өнім шығару көзделген. Болашақта кәсіпорын қытай автокөлік брендтеріне арналған автокомпоненттер өндірісін игеруді де қарастырып жатыр.
Аталған құрамдас бөліктерді локализациялау Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің отандық үлестің артуына мүмкіндік береді.





