Astana Motors құрамындағы Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы Қытайдың Чунцин қаласында өткен жыл сайынғы 2026 Changan Group Жаһандық дистрибьюторлар конференциясында үш марапатқа ие болды.

Changan Kazakhstan  келесі жүлделермен марапатталды:
– Contribution Silver Award жүлдесі халықаралық нарықта бизнес тиімділігінің жоғары көрсеткіштері үшін берілді. Қазақстандық дистрибьютор аталған марапатты екінші жыл қатарынан алып отыр. Бұл оның аймақтағы брендтің дамыту бойынша жүйелі жұмысын мен тұрақты нәтижесін көрсетеді.
– Key Product Contribution Award брендтің негізгі моделі – Changan CS75 Plus көлігін Қытайдан тыс нарықта дамыту бойынша үздік нәтиже үшін берілді.


Changan Kazakhstan дистрибуция басшысы Денис Коломацкий брендтің халықаралық дистрибьюторлары арасында Үздік басшы ретінде – Excellent General Manager Award 2025 арнайы марапатына ие болды.


Фото: Денис Коломацкий және Қазақстандағы Changan дистрибуциясының қызметкерлері Қытайдың Чунцин қаласында өткен марапаттау рәсімінде

Марапаттар шетелдік дистрибьюторлардың нақты көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша берілді және сату көлемімен тікелей байланысты. Осылайша 2025 жылдың қорытындысы бойынша Changan Group ауқымындағы қазақстандық дистрибьютор халықаралық әріптестер арасында көшбасшылар қатарына кірді. Ал Қазақстан ауқымында ең табысты топ-10 бренд қатарында позициясын сақтап қана қоймай, сатылым көлемі  11 260 автокөлікке жетіп (өткен жылға қарағанда +32,3%), бір сатыға көтеріліп нығая түсті. 

«Біз үшін бұл марапаттарды, ең алдымен, Changan Kazakhstan командасының және аймақтық серіктестеріміздің еңбегін мойындау деп білеміз. Changan брендіне деген сұраныстың қарқынды өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл сату көрсеткіштерінде де, брендтің нарықтағы позициясында да көрінеді. Ең бастысы, біздің жетістіктеріміз бүкіл Changan Group  ауқымында айқын байқалады. Біз брендтің үлесін нығайтуды, модельдер ауқымын кеңейтуді және клиентермен тәжірибені жақсартуды жалғастыра береміз», - деп атап өтті Changan Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.
 


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.