ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шанхай қаласында OMODA JAECOO автокөліктерін Қазақстанда жергіліктендіру бойынша жаңа кезеңге жол ашатын техника-лицензиялық келісімге қол жеткізілді. Құжатқа Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов пен Chery Holding Group вице-президенті Лю Ян (Liu Yang) қол қойды.
Келісімге 16 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы сапары аясында өткен Қазақстан–Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі барысында қол қойылды.

ФОТО Қазақстан–Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі. © Akorda.kz
Құжат Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында автокөліктер өндіруді көздейді. Қазақстанда шығарылған OMODA JAECOO автокөліктерінің сериялық өндірісі мен сатылымы 2026 жылғы тамыз айында басталады.
«Техника-лицензиялық келісім Қазақстан аумағында OMODA JAECOO автокөліктерін шығаруға қажетті технологияларды, өндірістік құжаттаманы, сапа стандарттары мен лицензияларды беру шарттарын айқындайды», – деді Нұрлан Смағұлов.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы сәуірде Astana Motors компаниясы Қазақстандағы OMODA JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы атанды. OMODA технологиялық кроссовері мен саяхатқа арналған JAECOO кроссовері қытайлық Chery Automobile автоконцернінің экспорттық бағытталған бөлімшелеріне қарайды.

ФОТО: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты
Маусым айында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытына Қытайдан арнайы инженерлер командасы келіп, жергілікті мамандармен бірлесіп өндіріс желілерін дайындау және технологиялық үдерістерді іске қосу жұмыстарын жүргізді.
Алғашқы кезеңде кәсіпорында JAECOO J7 PHEV, JAECOO J5 кроссоверлері және жаңартылған OMODA C5 FL модельдері шығарылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Өнеркәсіпті дамыту қорының және Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

ФОТО: JAECOO J5, OMODA C5 FL, JAECOO J7 PHEV.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытындағы жобаны іске асыру локализация деңгейін кезең-кезеңімен арттырып, қазақстандық мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытып, отандық автокөлік өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.





