Astana Motors пен BYD Қазақстанда Flash Charge аса жылдам қуаттау станциялар желісін дамыту туралы келісімге келді. Меморандумға Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев пен BYD компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Айван Цаоның қол қойды.

Қол қою рәсімі 16 шілде күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің BYD компаниясының басшылығымен кездесуі барысында өтті. Аталған кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында жүзеге асты.

Меморандум Қазақстан аумағында BYD Flash Charge жоғары жылдамдықты қуаттау станциялар желісін салуды көздейді.

img
ФОТО: Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов (ортада) BYD басшылығымен кездесу барысында, ҚХР.

Алғашқы кезеңде аса жылдам қуаттау станциялары Алматы қаласында іске қосылады. Бұдан кейін желіні еліміздің басқа да ірі қалаларында және негізгі көлік дәліздері бойында дамыту жоспарланып отыр.

Жаңа инфрақұрылым Қазақстандағы электр көлігі нарығының өсуіне серпін беріп, аса жылдам қуаттағыштарды барынша қолжетімді етіп, жаңа қуат көздеріндегі көліктердің дамуына жағдай жасайды. Сонымен қатар жоба аясында қуаттау инфрақұрылымы саласында BYD компаниясының озық технологиялары енгізіледі.

img
ФОТО: Flash Charge на Auto China 2026 көрмесі

BYD компаниясы Flash Charge технологиясын 2026 жылдың көктемінде өткен Auto China халықаралық көрмесінде таныстырды.

Жүйе жаңа буындағы аккумуляторларға арналған және оларды 10%-дан 90%-ға дейін тоғыз минутта қуаттауға мүмкіндік береді.Ауа температурасы –30°C болған жағдайда аккумуляторды 90%-ға дейін қуаттау шамамен 12 минутты алады. Бұл уақыт кәдімгі жанармай құю уақытымен шамалас.

1500 кВт-қа дейінгі қуаттау станциялары электр желісіне артық жүктеме түсірмей, аса жылдам қуаттауға мүмкіндік беретін энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған.

img
ФОТО: Flash Charge қуаттағышы

Айта кетейік, Қазақстанда BYD брендінің ресми сатылымы 2025 жылғы қаңтарда басталды. Брендтің ресми дистрибуциясы Astana Motors компаниясының құрамына кіреді. Қазіргі таңда дилерлік желі Қазақстанның 13 қаласындағы 20 автосалоннан тұрады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.