Қазақстандық Astana Motors компаниясы Польшада Great Wall Motor (GWM) дистрибьюторлық құқығына ие болды. Бұл туралы Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Бейжің авто көрмесінде хабарлады.

«GWM – Astana Motors портфеліндегі ҚХР автоөндірушілерінің алғашқы өкілі. Ол өзінің сенімділігі, қауіпсіздігі және озық технологиясының арқасында кроссовер мен жол талғамайтын көлік әуесқойлары арасында танымал. Енді GWM-мен бірге біз Орталық Еуропаның ең ірі экономикасы - Польшаға шығып жатырмыз. Бұл біз үшін маңызды әрі жауапты қадам», - деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Бұл шешім - компанияның Еуропа Одағында автокөлі бизнесін дамыту стратегиясының жалғасы. Наурыз айында Варшавада дистрибьюторлық келісімге қол қойылып, дилерлік конференция аясында дилерлермен кездесу өтті.

GWM Польша нарығына Haval, Ora, Tank және Wey брендтерінің бензин және гибрид нұсқадағы кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді, сондай-ақ GWM пикаптарын ұсынады. Сатылым осы жазда ORA 5 моделінен басталады. Көліктер тікелей Қытайдан жеткізіледі.

Дистрибуция жұмысын бастаған кезде Польшада 10 дилерлік орталық ашылады. 2026 жылдың соңына дейін желіні санын 20-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар жеткізілімдерді, сатылымнан кейінгі қолдауды қамтамасыз ету үшін сервистік және логистикалық инфрақұрылым жолға қойылады.

GWM - Қытайдағы автокөлік өндірісі саласындағы ең ірі топтардың бірі. Ол 2021 жылдан бері Astana Motors компаниясымен әріптестік ортанып, бірге жұмыс істеп келеді. 5 жыл ішінде Қазақстанда Астана, Алматы және Шымкентті қоса алғанда, еліміздің 20 қаласында 35 Haval және Tank дилерлік орталықтар желісі құрылды. 34 000-нан астам көлік сатылды. Қазақстан нарығындағы үлесі - 6,5%. 

Сонымен қатар, Haval және Tank көліктері Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan отандық мультибренді зауытта өндіріледі. Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай  келеді және еліміздегі автокөлік өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі. Жақында Astana Motors коммерциялық көлік зауытында GWM Wingle 7 және Poer пикаптарының өндірісті бастады.

Польша - Орталық Еуропадағы ең ірі автокөлік нарығы. Astana Motors басқаруымен GWM брендінің нарыққа шығуы SUV сегментіндегі бәсекелестікті күшейтеді және ЕО аймағында қытай автоөндірушілердің позицияларының нығаюын көрсетеді.
 


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.