Елші Ку Хонг-сок бастаған Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен құралған делегация «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны — Алматы қаласындағы Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік зауытына ресми сапармен келді.

Делегация мүшелері автокөлік өндіру процесін — шанақты, пластик бөлшектерді дәнекерлеу, бояу және экстерьерді, интерьерді, шассиді құрастыру барысын тамашалап қайтты.

slider_178 slider_181 slider_177 slider_179 slider_180

Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан аумағында Hyundai автокөліктерін көптеп кездестіріп жүргенін және бұл брендтің қазақстандықтар арасында жоғары танымалдыққа ие екенін білдіретінін айтты.

«Астана Моторс» — Қазақстанда Hyundai автокөліктерінің ұсақ түйінді өндірісін енгізген және брендтің дамуына зор үлесін қосып отырған алғашқы компания. Hyundai — жоғары сұранысқа ие бренд, бұл қуантарлық жайт. Сонымен бірге әлемде пандемияның салдарынан логистикамен байланысты проблемалар әлі де жалғасып жатқанын білеміз және «Астана Моторстың" бұл қиындықтарды жеңу және қазақстандықтар үшін көбірек автокөлік шығару үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын түсінеміз», — деп атап өтті Елші Ку Хонг-сок.

Сондай-ақ Елші Ку Хонг-сок «Астана Моторс» компаниясына пандемия кезінде кәсіпорында жұмыс істеп жатқан кореялық инженерлерге көрсетілген қолдауы үшін алғысын білдірді. Елші Ку Хонг-сок «біз үшін қашан да адамдар маңызды» деп жалпы кәсіпорындағы жұмыс процесінің қауіпсіздігі мен ұйымдастырылуының жоғары деңгейіне назар аударды.

Кездесу соңында елшілік делегациясының мүшелері кәсіпорын ұжымына амандық және еңбекте жемісті болуды тіледі.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді