Астанадағы Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2022) жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында автокомпоненттер өндіретін зауыттар салу туралы үш меморандумға қол қойылды.

Алматыда автокөлік орындықтарын өндіру жобасын іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі мен «Астана Моторс» компаниясы арасында қол қойылды.

Алматы қаласында автокөліктерге арналған резеңке және пластик бұйымдарды өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі, «Норпласт» және «Астана Моторс» компаниялары арасында қол қойылды.

Алматыда автокөліктерге арналған электрондық аудио-бейне жабдықтарды (мультимедиа жүйелерін) өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы меморандумға қала әкімдігі, оңтүстік кореялық Motrex компаниясы және қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы арасында қол қойылды.

«2022 жылдың төртінші тоқсанында „Астана Моторс“ шетелде автокомпоненттер өндіру тәжірибесі бар Youngsan, Motrex, „Норпласт“ шетелдік серіктестермен бірлесіп, Hyundai автокөліктеріне орындықтар, полиуретан кілемшелер, қанат қорғаныштар, кірқалқандар және мультимедиалық жүйелер шығаратын үш зауыттың құрылысын бастайды. Зауыттар Алматы қаласының индустриялық аймағында салынады», — деді «Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев.

Жобаға салынатын инвестиция 15 млн долларды құрайды. Өндірістік жайлардың ауданы — 9 500 ш. метр. Кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Айта кетсек, жақында елордада ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК" АҚ ұйымдастырған жаһандық инвестициялар жөніндегі KGIR-2022 қазақстандық дөңгелек үстелі өтті.

Қатысушылардың арасында 500-ден астам жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар және пікір көшбасшылары, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялар мен отандық бизнес жетекшілері бар.

Әлемдік экономиканы дамыту, жаһандық әрі өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңа экономикалық ақиқат жағдайындағы логистика мәселелері талқыланды.

KGIR-2022 аясында кәсіпкерлер мен инвесторларды елімізді дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. «Астана Моторс» компаниясы Қазақстанның ең ірі жұмыс беруші марапатына ие болды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.