Қазақстандық Astana Motors компаниясы Словакиядағы Chery брендінің ресми дистрибьюторы атанды. Сатылым сәуір айында басталады.

Алғашқы қадам Братислава, Банска-Бистрица, Тренчин, Мартин, Дунайска-Стреда, Тренчин, Пухов қалаларында 7 дилерлік орталықтың ашылуынан басталады. Жыл соңына дейін Словакиядағы желіні 12 орталыққа дейін кеңейту жоспарлануда. Словакия нарығына алғаш рет Chery Tiggo 4, Tiggo 7, Tiggo 8 және Tiggo 9 кроссоверлері бензин және гибридті нұсқаларымен ресми түрде сатылымға шығады.

Бекнұр Несіпбаев, Словакиядағы Қазақстанның елшісі Жанна Сағынова және Словакиядағы Қытай елшісі Цай Гэ.

«Astana Motors компаниясы үшін Словакияда Chery-ді ұсыну зор мәртебе. Біз мұны брендті дамыту және клиенттермен жұмыс істеу тәжірибеміздің халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін мойындау деп білеміз. Еуропадағы автокөлік жанкүйерлері қазіргі уақытта жаңа автокөлік брендтеріне мұқият назар аударып, заманауи технологияларды, жабдықталудың жоғарғы деңгейін, экологиялық таза гибридті шешімдерді және қолжетімді бағаларды іздейді. Дәл осы нәрселермен Chery Еуропа нарығында өзін тартымды етеді. Өткен жылы біз брендті Чехияда сәтті іске қосып. Біз еуропалық клиенттердің қажеттіліктерін зерттедік және бұл тәжірибені Словакияда Chery-ді дамыту жолында қолданамыз», - деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Іс-шараның жоғары мәртебесін Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сағынова ханым мен Қытай Халық Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Цай Гэ мырзаның қатысуы айшықтай түсті.

Chery және Astana Motors компаниялары 5 жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді. Chery Қазақстанда дамыған желісі бар ең көп сатылатын Қытай брендіне айналды. Қазір еліміздің 17 қаласында 24 ресми дилерлік орталық жұмыс істейді және 7 модель ұсынады. 2025 жылы Қазақстанда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жергілікті нарыққа бағытталған Chery автокөліктерінің өндірісі басталды.

Словакия нарығына шығу бренд үшін Чехияда Astana Motors компаниясымен бірлесіп сәтті жүзеге асырған бастамасынан кейін жоспарланған қадам болды. Қазіргі уақытта дилерлік желіге Чехияның барлық ірі қалаларында 12 дилерлік орталық кіреді. Chery компаниясының флагманды дилерлік орталығы Праганың танымал Прухонице ауданында орналасқан. Модельдік қатарда бензин және гибридті нұсқалардағы Tiggo көлігінің кроссоверлері ұсынылған. Ең көп сатылатын модель – брендтің флагманы атанған Chery Tiggo 9 PHEV отбасылық гибридті кроссовері.

Chery – Қытайдың ең ірі жеңіл автокөлік экспорттаушы компаниясы. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы қытайлық автоөндірушілер арасында шетелдік сатылымда көшбасшы орынды сақтап келеді. Брендтің көліктері 110-нан астам елде сатылады. Жаһандық клиенттер базасы 15 миллионнан асады, ал оның 4 миллионнан астамы Қытайдан тыс жерлерде орналасқан.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.