Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Astana Motors Алматыдағы коммерциялық техника зауытында қытайлық Great Wall Motor автоконцертінің Қазақстанда өндірілген пикаптарының алғашқы партиясын таныстырды. Іс-шараға алғашқылардың бірі болып журналистер, блогерлер және автосарапшылар қатысып, жаңа модельдердің жергілікті өндірісін көріп, түрлі жол жағдайында сынақтан өткізді.
Қазақстанда барлығы 305 пикап шығарылса, оның ішінде 233 көлік Wingle 7, ал 72 данасы Poer моделіне тиесілі.
Бұл пикаптар дәстүрлі түрде нарықта ерекше орын алады. Олар жеке жеңіл автокөлік пен коммерциялық техниканың мүмкіндіктерін біріктіреді. Мұндай модельдер бизнес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және логистика саласында сұранысқа ие және қарқынды өмір ырғағына да жарамды. Wingle 7 және Poer көліктерінің басты артықшылығы - олардың кең жүк салу орны мен ауыр салмақты көтере алуында. Аталған көліктер 975 кг-ға дейінгі жүкті тасымалдайды. Көлікті жүргізу ыңғайлы болу үшін жүк таситын платформа қорғаныс жабынымен жабдықталған.

GWM Poer – жұмыс пен күнделікті жүріске арналған дөңгелек базасы 3230 мм және габариті 5416x1947x1884мм құрайтын толық өлшемді, рамалы пикап. Шанақ беріктігі жоғары болаттан және саты тәріздес рамадан жасалған. Өз кезегінде бұл жоғары деңгейдегі қорғаныс пен сенімділікті қамтамасыз етеді. Модель 218 ат күші бар 2,0 литр турбокомпрессорлы бензин қозғалтқышымен, 8 сатылы ZF автоматты беріліс қорабымен, BorgWarner үлестіруші қорабы бар толық жетекті жүйемен (TOD) жабдықталған.
Модель келесі бес түсте қолжетімді: ақ, қара, сұр, көк және қызыл. Айта кету керек, қызыл және көк түстерді алдын ала тапсырыс беруге болады. Бағасы максималды жеңілдікті ескергенде 16 182 800 теңгеден басталады.

GWM Wingle 7 – нақты шаруаға арналған берік рамалы пикап. Өлшемі 5425x1800x1860 мм, дөңгелек базасы 3350 мм. Модель жақында өзгеріске ұшырап, жаңа радиатор торы, мультимедиялық жүйе, руль мен өзгеше дизайндағы дөңгелектермен ерекшеленді. Таңдауға келесі екі қозғалтқыш ұсынылады: 5 сатылы механикалық беріліс қорабымен жұптастырылған 2,4 литр 4 цилиндрлі бензин қозғалтқышы (149 а.к. және 220 Нм) және 6 сатылы механикалық беріліс қорабымен жұптастырылған 2,0 литр 4 цилиндрлі турбокомпрессорлы дизель қозғалтқышы (143 а.к. және 315 Нм). Қазіргі уақытта бұл Қазақстан нарығында дизель нұсқасын ұсынып отырған жалғыз пикап.
Модель екі түсте қолжетімді: ақ металл және күміс металл. Бензин нұсқасының бағасы 12 502 800 теңгеден, ал дизель нұсқасының бағасы 13 422 800 теңгеден басталады.
GWM пикаптарына арналған тест-драйв қатысушылары. Фото Astana Motors
«Пикаптар – бүгінде қарқынды түрде өзгеріп жатқан ең әмбебап сегменттердің бірі. Бір жағынан, бизнес тарапынан, яғни құрылыс, аграрлық және өндіруші салаларда сұраныс сақталуда. Екінші жағынан, көліктің жүріс мүмкіндігін, функционалдығы және комфортын бағалайтын жеке клиенттер тарапынан қызығушылық артып келеді. Біз үшін өндірісті локализациялау нарыққа Қазақстанның жағдайларына бейімделген жабдықталу мен баға арасында теңдестірілген шешім ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Haval Motor Kazakhstan дистрибуция директоры Эдуард Кузнецов.
Іс-шараның аясында әртүрлі жол жағдайында тест-драв өтті. Қатысушылар түрлі жұмыс режимінде көліктердің басқарылуын, тарту күші мен жолда ұстау мүмкіндіктерін бағалады. Сынақ кезінде пикаптарды ауыр қапшықтармен толтырып, оларды жүктелген күйде жүрісін тексеріп көрді. Ауа-райы да қосымша фактор болды. Сынақ жүргізу күні жаңбыр жауып, жол беті де қиындай түсті. Өз кезегінде бұл пикаптарды төмен ілінісу жағдайында сынауға мүмкіндік берді.
Автоблогер Тимур Мустафаев сынақ жүргізуден кейін өз әсерімен бөлісті: «Пикаптар санаты дәстүрлі түрде өте қатаң болып келеді. Wingle 7 және Poer көліктері біз басқа жолды көрсетіп отыр. Ол – заманауи жабдықтар, технологиялық шешімдер және бәсекеге қабілетті баға. Жергілікті өндіріс аталған көліктерді кейбір шетелдік аналогтарға қарағанда айтарлықтай қолжетімді етеді. Сонымен қатар экологиялық стандарттарды сақтап, бизнес қажеттіліктері үшін икемдеуге де мүмкіндік береді. Қосымша фактор - заманауи, экологиялық таза қозғалтқыштарды қолдану. Бұл коммерциялық сегмент үшін маңызды өзгеріс», - деді ол.

«Wingle 7 және Power қолданысы екі түрлі сценарий ұсынады. Біріншісі - қолданбалы және нақты, ал екіншісі - әмбебап. Пикаптар бүгінде қаладағы шағын және орта бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сонымен бірге демалыс кезінде қаладан тыс жерге сапарлауға, балық аулау мен саяхатқа шығуға да ыңғайлы. Болашақта оларды қайта жабдықтап, автоүй форматына арналған база ретінде де пайдалануға болады», - деді автосарапшы Артур Мискарян.
Қазақстанда GWM брендін ресми түрде Astana Motors компаниясына қарасты Haval Motor Kazakhstan ұсынады. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша HAVAL кроссоверлерін, TANK жол талғамайтын көліктерін, сондай-ақ Wingle 7 және Poer пикаптарын ұсынатын 33 дилерлік орталық бар. Модельдер туралы толық ақпаратты Haval Motor Kazakhstan сайтынан және 7007 нөмірі бойынша біле аласыз.




