Екі мыңнан астам қазақстандық Chery автокөліктерін таңдады. Бренд өкілдері Қарағандыда кезекті мерейтойлық клиентті салтанатты түрде құттықтады.

Chery бренді қытайлық автобрендтер арасында Қазақстанда сату көрсеткіштері бойынша көшбасшылығын сақтап келеді, сонымен қатар елдегі ең танымал көліктер арасында алдыншы орында сенімді тұр. Chery автокөліктері 2021 жылдың желтоқсанынан бастап сатыла бастады.

Компанияның 2022 жылға арналған жоспарында — жылдың соңына дейін төрт мың автокөлікке дейін сату. Тамыз айына қарағанда қыркүйектегі сатылымдар өсімі 6% құрады немесе айына 565 сатылған автокөлік деңгейіне шықты. Ал жазғы кезеңде сатылымдар өсімі шұғыл сипатқа ие болды — тамызда плюс 37% және шілдеде плюс 21%. Сату көшбасшылары — Алматы және Астана. Бірақ брендтің танымалдығы өңірлерде де артып келеді.

Бүгінгі таңда «Chery клубында» екі мыңнан астам көлік иесі бар. 30 қыркүйек күні қарағандылық Ксения Кинзибаева мерейтойлық клиент болды. Ол максималды жиынтықтамадағы Chery Tiggo 7 PRO кроссоверін сатып алды.

«Бұл өте қуанышты әрі тосыннан болды, жай ғана автокөлік сатып алғым келген, бірақ екі мыңыншы клиент болып шықтым. Таңдауыма ризамын — бұл „ақылды“ автокөлік, жүргізілуі жайлы. Бес техникалық қызмет көрсетудің сыйлыққа берілгені де өте орынды», — деп бөлісті сатып алушы.

Сатып алушының айтуынша, автокөліктің бағасы оны жақсы жағынан таңғалдырды. Premium жиынтықтамасындағы Chery Tiggo 7 PRO құны — 12,2 млн теңге. Luxury максималды жиынтықтамасындағы көліктің құны — 13 млн теңге.

«Біз брендтің „клиент әрқашан бірінші орында“ деген басты принципіне сүйене отырып, клиенттердің сауалдарына көңіл қойып жауап қайтарамыз». Ксенияға кроссовердің Chery Tiggo 7 PRO және Chery Tiggo 8 PRO атты екі моделін таңдап беріп, тест-драйвтан өтуді ұсындық. Содан кейін клиентіміз Luxury жиынтықтамасындағы Chery Tiggo 7 PRO пайдасына соңғы таңдауын жасады. Айта кетсек, бұл біздің бестселлеріміз. Брендтің өзі автокөліктің бағасы мен жабдықталуы арақатынасының арқасында Қарағандыда танымал болып барады, бірде-бір автобренд осындай ұсыныс жасай алмайды", — дейді Chery Qaraģandy дилер орталығының менеджері Николай Цимфер.

Қазір қазақстандық дилер орталықтарында Chery Tiggo 4 PRO, Chery Tiggo 7 PRO және Chery Tiggo 8 PRO кроссоверлері ұсынылған. Сондай-ақ жаңа көлік — толық жетекті Chery Tiggo 8 PRO MAX кроссовері ұсынылған.

Chery-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group. Chery дилер орталықтары Астанада, Алматыда (соның ішінде Құлжа күрежолындағы Mycar Almaty), Шымкентте, Қостанайда, Оралда, Ақтөбеде, Атырауда, Қарағандыда, Павлодарда жұмыс істейді.

Жылдың соңына дейін тағы сегіз дилер орталығы — тағы біреуі Астанада, сондай-ақ мына қалаларда ашылады: Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавл.

Айта кететін жайт — 2024 жылдың соңында — 2025 жылдың басында Chery автокөліктері Қазақстанда өндіріле бастайды. 2022 жылдың қыркүйегінде «Астана Моторс» Chery Automobile Company автокөлік концернімен меморандумға қол қойды. Ағымдағы жылдың соңында Алматының Индустриялық аймағында мультибрендтік толық циклді автокөлік зауытының құрылысы басталады.

Толық ақпарат Chery.kz сайтында, әлеуметтік желілерде немесе 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығында қолжетімді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.