Жеке рекорд: Chery қытайлық автобренді Қазақстандағы екі мыңыншы клиентті анықтады
Екі мыңнан астам қазақстандық Chery автокөліктерін таңдады. Бренд өкілдері Қарағандыда кезекті мерейтойлық клиентті салтанатты түрде құттықтады.
Chery бренді қытайлық автобрендтер арасында Қазақстанда сату көрсеткіштері бойынша көшбасшылығын сақтап келеді, сонымен қатар елдегі ең танымал көліктер арасында алдыншы орында сенімді тұр. Chery автокөліктері 2021 жылдың желтоқсанынан бастап сатыла бастады.
Компанияның 2022 жылға арналған жоспарында — жылдың соңына дейін төрт мың автокөлікке дейін сату. Тамыз айына қарағанда қыркүйектегі сатылымдар өсімі 6% құрады немесе айына 565 сатылған автокөлік деңгейіне шықты. Ал жазғы кезеңде сатылымдар өсімі шұғыл сипатқа ие болды — тамызда плюс 37% және шілдеде плюс 21%. Сату көшбасшылары — Алматы және Астана. Бірақ брендтің танымалдығы өңірлерде де артып келеді.
Бүгінгі таңда «Chery клубында» екі мыңнан астам көлік иесі бар. 30 қыркүйек күні қарағандылық Ксения Кинзибаева мерейтойлық клиент болды. Ол максималды жиынтықтамадағы Chery Tiggo 7 PRO кроссоверін сатып алды.
«Бұл өте қуанышты әрі тосыннан болды, жай ғана автокөлік сатып алғым келген, бірақ екі мыңыншы клиент болып шықтым. Таңдауыма ризамын — бұл „ақылды“ автокөлік, жүргізілуі жайлы. Бес техникалық қызмет көрсетудің сыйлыққа берілгені де өте орынды», — деп бөлісті сатып алушы.
Сатып алушының айтуынша, автокөліктің бағасы оны жақсы жағынан таңғалдырды. Premium жиынтықтамасындағы Chery Tiggo 7 PRO құны — 12,2 млн теңге. Luxury максималды жиынтықтамасындағы көліктің құны — 13 млн теңге.
«Біз брендтің „клиент әрқашан бірінші орында“ деген басты принципіне сүйене отырып, клиенттердің сауалдарына көңіл қойып жауап қайтарамыз». Ксенияға кроссовердің Chery Tiggo 7 PRO және Chery Tiggo 8 PRO атты екі моделін таңдап беріп, тест-драйвтан өтуді ұсындық. Содан кейін клиентіміз Luxury жиынтықтамасындағы Chery Tiggo 7 PRO пайдасына соңғы таңдауын жасады. Айта кетсек, бұл біздің бестселлеріміз. Брендтің өзі автокөліктің бағасы мен жабдықталуы арақатынасының арқасында Қарағандыда танымал болып барады, бірде-бір автобренд осындай ұсыныс жасай алмайды", — дейді Chery Qaraģandy дилер орталығының менеджері Николай Цимфер.
Қазір қазақстандық дилер орталықтарында Chery Tiggo 4 PRO, Chery Tiggo 7 PRO және Chery Tiggo 8 PRO кроссоверлері ұсынылған. Сондай-ақ жаңа көлік — толық жетекті Chery Tiggo 8 PRO MAX кроссовері ұсынылған.
Chery-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group. Chery дилер орталықтары Астанада, Алматыда (соның ішінде Құлжа күрежолындағы Mycar Almaty), Шымкентте, Қостанайда, Оралда, Ақтөбеде, Атырауда, Қарағандыда, Павлодарда жұмыс істейді.
Жылдың соңына дейін тағы сегіз дилер орталығы — тағы біреуі Астанада, сондай-ақ мына қалаларда ашылады: Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавл.
Айта кететін жайт — 2024 жылдың соңында — 2025 жылдың басында Chery автокөліктері Қазақстанда өндіріле бастайды. 2022 жылдың қыркүйегінде «Астана Моторс» Chery Automobile Company автокөлік концернімен меморандумға қол қойды. Ағымдағы жылдың соңында Алматының Индустриялық аймағында мультибрендтік толық циклді автокөлік зауытының құрылысы басталады.
Толық ақпарат Chery.kz сайтында, әлеуметтік желілерде немесе 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығында қолжетімді.