Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Ташкентте «Астана Моторс» алғашқы халықаралық спартакиадасының іріктеу турлары өтті.

«Астана Моторс» құрамына кіретін барлық компанияның, Mycar. kz және MEGA СОО қызметкерлері арасындағы қалалық жарыс тамыз айында өтті: 13 күні - Нұр-Сұлтанда, 20 күні - Алматыда және 27 тамыз күні - Ташкентте. Үш жылдық үзіліс қатысушылардың спорттық дайындығына кері әсерін тигізбеді, ал жинақталған екпін күшті болды!

Пандемияға дейін «Астана Моторс» спартакиадасы жыл сайын, бірақ тек Алматыда өткізілетін. Осы жылы, компанияның 30 жылдығына орай, жарысты жай ғана ауқымдырақ етпей, халықаралық жарысқа айналдыру шешімі қабылданды! Спартакиаданың бірінші іріктеу туры Нұр-Сұлтанда өтті, мұнда астаналық командалармен қатар Өскеменнен, Қарағандыдан, Қостанайдан, Атыраудан келген қатысушылар жиналды, алматылық жарысқа Шымкенттің командалары қосылды, Ташкентте спорттық шайқаста Hyundai-дың өзбекстандық бөлімшелерінің қызметкерлерінен тұратын командалар кездесті.

Спартакиаданың ұраны күрделі - «Бірлік! Бәсекелестік! Ынтымақтастық!». Бірақ бір қарағанда ғана. «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, «біздің қызметкерлеріміз үшін бұл күнделікті уәждеуіш нұсқау. Біз компания ретінде біртұтаспыз, біз үздік көрсеткіштер үшін күресте адал бәсекелестікті бағалаймыз және қалыптасқан ұжымдарда да, белгілі бір ауқымды іс-шара уақытына бірігетін жұмыс топтарында да тамаша ынтымақтасамыз».

Спартакиаданың бағдарламасында командалық жарыстар болды — бұл мини-футбол, волейбол, чирлидинг және дартс, үстел теннисі, армрестлинг, шахмат чемпиондарына арналған жеке бағдарлама.

Бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған командалар мен ойыншыларға кубоктар, медальдар және ақшалай жүлделер берілді, бірақ «Астана Моторс» спартакиадасының 24 қыркүйек күні Ташкентте өтетін халықаралық финалына жеңімпаздар ғана барады. Айта кетсек, олар жеңіске жету үшін соңғы серпіліс жасау алдында тынымсыз, бірақ жұмысынан бос уақытта жаттығып жатыр!

slider_139 slider_140 slider_141

Біз іріктеу турларының жеңімпаздарын құттықтай отырып, оларға жеңіске жетуді - «Астана Моторс» спартакиадасының алтын медалін «тістеп» көруді тілейміз.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.