Chery сатылымның өсу динамикасы бойынша көшбасшы. Шілде айында сатылым 21% артты
«Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery осы жылдың шілде айына дейін қоса алғанда сатылым басталғалы бері 1500-ден астам жаңа автокөлік сатты. 2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Chery ең танымал автобрендтер рейтингісінде Renault, Nissan, Volkswagen-ді басып озып, сегізінші орынды иеленді. Отандық нарықта ең көп сатылатын модель — Chery Tiggo 7 Pro, брендтің жалпы сатылымындағы оның үлесі - 55%.
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша Chery Қазақстанда осы жылдың маусым (сатылған 312 автокөлік) және шілде айында (378) қытай брендтері арасында сатудан көшбасшы болды, маусымға қатысты шілде айының өсімі - 21%. Осылайша, Chery Қазақстандағы жетекші автобрендер 10-дығында өзінің жайғасымын нығайтты.
«Chery-ге отандастарымыздың көңілі ауып, ол барған сайын танымал бола түсуде және технологиялығы, әсіресе қауіпсіздік саласындағы кең опциялар жиынтығы, қазіргі заманғы дизайны және баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы арқасында сатылымның жоғары нәтижелерін көрсетуде. Біз брендке деген қызығушылықты байқап отырмыз және Қазақстанда бизнесті дамытудың дұрыс жолымен келе жатқанымызды түсінеміз», — деп атап өтті Chery дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамгонов.
Бүгінгі таңда қазақстандық дилер орталықтарында Chery Tiggo 7 Pro және Chery Tiggo 8 Pro премиалды кроссоверлері ұсынылған.
Жақын арада дистрибьютор Қазақстанға жаңа Tiggo 4 Pro — «жастарға арналған сәнді модельді" таныстырады.
Модельді америкалық GM-нің бұрынғы дизайнері Стив Юмның басшылығымен халықаралық Chery дизайнерлер командасы құрды. Стивтің Cadillac, Chevrolet, Buick of China, South Korea, California General Motors-та жұмыс өтілі бар.
Chery Tiggo 4 Pro жаңартылған сыртқы және ішкі көрінісімен, жақсартылған қауіпсіздік жүйесімен және жаңа технологиялы ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Pro «төрттігінде» 3D-матрица стиліндегі радиатор торы, тартымды жеңіл қорытпалы дискілер, диагоналы сәйкесінше 7 және 10,25 дюймдік аспаптар тақтасының жаңа дисплейі және мультимедиа, интерьердің атмосфералық көмескі жарығы және жүргізуші мен жолаушылар үшін көбірек жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да опциялар пайда болды.
Tiggo 4 Pro толық жиынтығында турбоүрлеммен 4 цилиндрлі қозғалтқыш бар, ол жаңартылған CVT25 трансмиссиясымен бірге 210 Нм (1750~4000)/147 а.к. қуат береді.
Қазақстандағы барлық жаңа Chery автокөлігіне өндірушіден 5 жыл немесе 150 мың км. кепілдік беріледі.
Жаңа Tiggo 4 Pro Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Атырау, Павлодар қалаларындағы Chery дилер орталықтарына түседі. Chery дистрибьюторы дилерлік желіні дамытуды жалғастыруда және Тараз, Ақтау, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Көкшетау, Семей қалаларында автоорталықтарды ашуды жоспарлап отыр. Осылайша, Қазақстандағы Chery желісі дилер орталықтарының саны 2023 жылдың соңына дейін 17-ге дейін өседі.
Бүгінде сатылған автокөліктердің саны бойынша Chery Nursultan және Chery Almaty жалпы сатылымның 54 % үлесін иелене отырып, көш бастап тұр.
2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғашқы онлайн-дилер жұмысын бастады. Mycar. kz IT компаниясы Chery ресми дистрибьюторының серіктесі атанып, оған қытай брендінің жаңа автокөліктерін сату құқығы берілді.
Онлайн-сервис тест-драйвқа тапсырыс беруге не мәміле жасалған сәттен бастап 72 сағат ішінде тегін «үйге жеткізумен» автокөлікті қашықтан сатып алуға мүмкіндік береді.
Жұмысының алғашқы екі аптасында Mycar. kz онлайн-дилері төрт Chery автокөлігін қашықтан сатты. Бүгінгі таңда онлайн-маркет клиенттеріне Алматы қаласы шегінде жеткізу жүзеге асырылады. Келешекте қызмет еліміздің басқа қалаларында да қолжетімді болады.
Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде, атап айтқанда, корпоративтік сектор үшін ыңғайлы Mycar Finance арнайы бағдарламалары мен пакеттік ұсыныстары әрекет етеді. Елдің бірқатар ірі компаниялары бизнес үшін 25-тен астам Chery кроссоверін сатып алды.
Қазақстандағы Chery туралы егжей-тегжейлі ақпаратты «Астана Моторс» 7007 тәулік бойғы байланыс орталығынан білуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы қытайлық автоөндірушілер бүкіл әлем бойынша жаңа автокөліктерді сатудың жоғары өсімін көрсетуде. «АВТОСТАТ» талдамалық агенттігінің деректеріне сәйкес, Қытай маусым айында автокөлік сату бойынша әлемдік көшбасшыға айналды — 2 млн 483 мың машина, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 29,5%-ға жоғары.
Chery Holding деректері бойынша Chery бренді бүкіл әлем бойынша сатылымдарды белсенді түрде өсіруде — 2021 жылы өсім өткен жылмен салыстырғанда 31,7%-ды құрады. Қытай брендінің автокөліктерін 10 млн-нан астам клиент алған, олардың 2 миллионы ҚХР-дан тыс жерлерде, соның ішінде Қазақстанда алынған.