Мун Сангмин — механикалық конструкцияларды инженерлік жобалау бакалавры, Пусан ұлттық университетін бітірген, 35 жылдан астам уақыт бойы Оңтүстік Кореяның ең ірі автомобиль жасау компаниясы — Hyundai Motor Company-да (HMC) жұмыс істеген.

«Астана Моторс» компаниясына келгенге дейін Мун мырза Hyundai Motor Company вице-президенті лауазымын атқарды, өндірістік технологиялар департаментін басқарды, Чанчжоудағы (ҚХР) зауыт директоры, сондай-ақ Beijing Hyundai (ҚХР) өндіріс департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Мун Сангмин әр жылдары Beijing Hyundai зауыттарында өндірісті бақылап, инновациялар бағытына жетекшілік етті, құрылыс бөлімін, автомобиль өндірісі жөніндегі инженерлік бөлімді басқарды, Оңтүстік Корея мен шетелде зауыттар құру және кеңейту жөніндегі жобаларды жоспарлаумен және іске асырумен, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның, шетелдің Hyundai зауыттарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеумен және оларды қолдаумен айналысты.

Сонымен қатар, Мун мырза Hyundai Motors озық өндірістік технологиялар бөлімін басқарды.

«Мун Сангмин Оңтүстік Корея мен Қытайдың автоөнеркәсібінің дамуына технология, инновация, рационализация тұрғысынан үлкен үлес қосты. Мун мырза біздің еншілес кәсіпорнымыз Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндіріс мәдениетін, сондай-ақ зауыттың жаңа технологиялар бағытындағы әлеуетін дамыту, бизнес-процестерді жетілдіру, тиімділікті арттыру үшін „Астана Моторс“ командасына қосылды. Біздің әріптесіміз бізбен бірге жергіліктендіруді тереңдетуге және Қазақстанда компоненттер өндірісін дамытуға ниетті. Мун мырзаның тәжірибесінің арқасында кәсіпорындарымызды жергіліктендіру бойынша жобалардың іске асырылуын жылдамдатуға мүмкіндігіміз бар», — деп атап өтті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды