Төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстандағы MEGA сауда орталықтарының желісіне ие «Mega Mаnagement» компаниясы СОО қызметін тоқтата тұру уақытында жалдау ақысын есептемейтіні туралы хабарлады.

Бүгін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы үндеуіне орай, «Mega Mаnagement» компаниясы мынадай шешім қабылдады: сонымен қатар, компания жалдау ақысын алмайды, ол жалға алушыларға пайдалану және коммуналдық шығындар үшін шоттар бермейді.

«Біз СОО қызметін тоқтата тұру кезеңіне пайдалану және коммуналдық шығындар үшін шоттар шығармаймыз. «Mega Mаnagement» осы шығындарды өзіне алады. Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде шешім қабылдадық және бұл бастама ерікті болып табылады. Егер қаласаңыз — бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз қалыптасқан жағдайдың барлық ауыртпалығын өзіміз сезінеміз, өйткені Қазақстанның бүкіл бизнесі сияқты жағдайға тап болып отырмыз, сондықтан да біздің серіктестерімізге қолдау көрсеткіміз келеді", — деп мәлімдеді MEGA СОО желісінің иесі Нұрлан Смағұлов.


Анықтама:
MEGA — Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park екі СОО және Нұр-сұлтандағы MEGA Silk Way кіретін Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі ірі сауда ойын-сауық орталықтарының желісі. MEGA СОО желісінің жалпы ауданы 425 852 шаршы метрді құрайды, жалға алушылар саны — 650. MEGA желісінің бірінші СОО 2006 жылы ашылды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.