Нұрлан Смағұлов СОО иелерін Алматы мен Астана ТЖД-мен меморандумға қол қоюға шақырды

Бұл туралы Astana Group басшысы MEGA Alma-Ata СОО-да өткен өрт қауіпсіздігіне арналған брифинг барысында хабарлады. Ол еліміздің өзге де сауда ойын-сауық орталықтарын меморандумға қосылуға шақырды.

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы қайғылы оқиғадан кейін қазақстандықтар өрт қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Осыған қатысты сауалдарға MEGA СОО желісінің мамандары алғашқы болып жауап берді. Жауап беруден бөлек, сауда ойын-сауық орталықтарының келушілері өздерін қауіпсіз сезінуі үшін мамандар қосымша шара қолдануға дайын екендігін көрсетті. Компания жетекшісі Нұрлан Смағұлов Алматы мен Астана Төтенше жағдайлар департаменттерімен желіге кіретін барлық СОО-нда жоспардан тыс тексеріс өткізу туралы меморандумға қол қоюға бастамашылық жасады. Қазіргі таңда заңнамаға сай мұндай тексерістер жылына бір рет өткізіледі.

Біз сауда ойын-сауық орталықтарын жылына бір рет тексеру жеткіліксіз деп санаймыз. Осыған орай, Алматы мен Астана Төтенше жағдайлар департаменттерімен біздің СОО-рын жоспардан тыс тексеру туралы меморандумға қол қойғымыз келеді. Халықтың бізге деген сенімінің артуы үшін, заңнамалық тәртіптің шектеулеріне қарамастан ТЖД өкілдерінің кез келген уақытта келіп, тексеру шараларын өткізуі үшін мен Алматы және Астана қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан басқа да сауда орталықтарының иелерін осы меморандумға қосылуға шақырамын, — деді Нұрлан Смағұлов.

Өрт қауіпсіздігіне арналған брифингке қаланың көптеген журналистері мен блогерлері келді. Қоғамдық тыңдауға ұқсаған жиында әрбір адам өз пікірін білдіріп, MEGA СОО желісінің жетекшілігі өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру мен олқылықтар пайда болған жағдайда оларды түзетуге уәде берді.

Біз өрт қауіпсіздігі бойынша барлық жүйелеріміздің 100% жұмыс істеп тұрғанын білеміз. Алайда орын алған оқиға осы жүйені бұдан да мұқият тексеруге мәжбүр етті. Біз бұл жұмысты міндетті түрде жүргізіп отырамыз, — деп көрсетті MEGA СОО желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

MEGA сауда орталықтарының әрқайсысында өртке қарсы қорғаныс шараларының толық кешені қарастырылған: мұнда өрт хабарлағышы, хабарлаудың автоматты жүйесі, өрт сөндірудің бірнеше жүйесі, түтінді жою жүйелері, эвакуациялық шығу есіктері мен баспалдақтар, тәулік бойы қызмет атқаратын өртке қарсы жеке бөлімдері мен өрт сөндіру машиналары бар. Барлық жүйелер күн сайын тексеріліп, айына бір рет ТЖД мамандарының қатысуымен өртке қарсы оқу-жаттығулары өтеді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.