VOLVO CAR ALMATY ТҰСАУКЕСЕРІ

Алматыда Volvo Car Almaty есігін айқара ашты. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы алғашқы Volvo дилерлік орталығы. Volvo Car Almaty Әл-Фараби даңғ., 140а, «VILLA Boutiques & Restaurants» кешінінің аумағында орналасқан.

«Бұл Volvo брендінің жаңа үйі. Біз үшін бұл жауапты әрі маңызды қадам. Біз өзіміздің клиенттерімізге көліктерді сатып қана қоймай, сондай-ақ оларға „Астана Моторс“ компаниясының сервисінде қызмет көрсетуге уәде береміз. Осы жылғы жоспар бойынша 60−100 көлікті сату. Бұл қызықты бренд, соңғы жылдардың ішінде ол сатып алушылардың өзіне деген қарым-қатынасын өзгерте білді. Volvo өз сатып алушысын — жасампаз, болашаққа бағдарланған адамын таба алады деп сенемін», — деп көрсетті Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

Volvo Car Almaty дилерлік орталығының ауданы шамамен 340 м². Ол толығымен Volvo Retail Experience (VRE) тұжырымдамасына сай жасалған. Оның пәлсапасы «сырты салқын, іші жылы» қағидасына негізделген. Бутиктің сырты әйнек және металлмен қапталып, ал оның ішінде скандинавиялық жайлылық атмосферасы орын алған. VRE бағдарламасы дилерлік орталықты ашу мен қайта жабдықтауға қажетті инвестиция көлемін оңтайландыруға көмектеседі.

«Біз Қазақстан нарығына өзіміздің жаңа үлгілерімізбен: XC90 кроссовері, V90 Cross Country моделі, S90 бизнес-седаны және екінші буынға жататын XC60 кроссоверімен келіп отырмыз. Олардың барлығы SPA архитектурасы негізінде салынып, әрі бұл көлік нарығындағы су жаңа өнімдер. Біз әріптесіміз „Astana Motors“ компаниясымен тиімді жұмыс істей алатынымызға сенеміз. Ерекше скандинавиялық дизайн, сәнді экстерьер мен қауіпсіздіктің өзекті технологиялары Қазақстанның талғампаз сатып алушыларының көңілінен шығатынына сенімдіміз», — деді Volvo Car Russia президенті Майкл Мальмстен.

Volvo Car Almaty дилерлік орталығының ашылуы аясында жаңа үлгі - XC60 кроссовері ұсынылды. Барлық Volvo моделдері іспетті бұл кроссовер City Safety төңкерісшіл жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе автомобильдің айналасындағы жағдайды қадағалап, төтенше жағдайда өздігінен тоқтап, басқа көлікпен соқтығысу, жаяу жүргінші немесе велосипедшіні қағып кету секілді жол-көлік оқиғаларынан сақтандыра алады.

Алматыдағы жаңа Volvo дилерлік орталығы 3S (sales, service, spare parts) стандарты бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда клиенттерге қызмет түрлерінің толық кешені: көліктерді сату мен техникалық қызмет көрсету; қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сату; қосымша жабдықтарды орнату; несиелеу мен сақтандыру, Trade-In бойынша тиімді бағдарламалары, сондай-ақ жөндеу жұмыстары немесе техникалық қызмет көрсету кезінде уақытша көлік беру мүмкіндігі ұсынылады.

Volvo Car Almaty дилерлік орталығы Volvo дилерлік желісінің барлық жоғары талаптарына сай, әрі автомобильдерге қажетті кез келген сервистік қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Сервистік қызмет көрсету компанияның Әл-Фараби даңғ., 107 мекенжайы бойынша орналасқан орталығында жүзеге асырылады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.

«Астана Моторс» және Youngsan автокөлік орындықтарын локализациялады

Бүгін Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен Youngsan автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосқанын жариялады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: МУЛТИБРЕНДТІ ЗАУЫТ CHANGAN CS55 PLUS-ТЫ ШЫҒАРУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты қытайлық Changan компаниясымен CS55 Plus автокөліктерін шығаруға арналған жабдықты жеткізу туралы келісімге қол қойды.

«Астана Моторс» Қазақстанда BYD брендінің іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлады

Қытайлық инженерлер BYD автокөліктерін қазақстандық нарыққа бейімдеді

Ел басшысы EXPO алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қелді

Астанадағы EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті. Бұл болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктірген жұмысшы кәсіптер жылы шеңберіндегі алғашқы ауқымды іс-шара.

Нұрлан Смағұлов: Біз АҚШ-тың беделді автокөліктерді бөлшек сату аңыздарымен ынтымақтастықты бастаймыз

Автокөліктерді бөлшек сату «акулалары» Брайан Бенсток, Стив Гринфилд және Чип Перри Алматыдағы Auto Business of Tomorrow форумында сөз сөйледі