«Ақ бөқен» қорығы ерекше қорғауға алынған 1 млн. 200 мың гектар ауданда орналасқан. Мұнда кез келген аң аулау және балық аулау түрлеріне тыйым салынған. Өкінішке орай, барлық тыйымдарға қарамастан, браконьерлер мүйізі мен еті үшін ақбөкендерді жайратып, олардың популяциясына қиян келтіруді жалғастырып келеді.

«Астана Моторс» компаниясы «SOS — ақбөкен» жобасын қолдап, ұйымдастырушыларға осынау маңызды және қажетті жұмыс үшін алғысымызды білдіреміз. Бәріміз бірлесіп, күш-жігеріміздің арқасында ақбөкендер популяциясын қалпына келтіріп, осы бірегей аңды сақтап алатынымызға сенімдіміз", — деп көрсетті «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов.

Аумақты қорғау мақсатында «Астана Моторс» компаниясы жобаға сый ретінде үш УАЗ Патриот көлігін, әрі өзге компаниялардың көмегімен екі УАЗ және КАМАЗ-кунга көліктерін сатып алып, табыстаған. Арнайы дайындалған 11 инспектордан команда құрылып, GPS жвбдықтары мен арнайы форма сатып алынды.

Инспекторлар бригадасы аумақты браконьерлерден қорғап, ақбөкендер санының артуына қосымша жағдай жасауға атсалысады.

«SOS — ақбөкен» — бұл жануарлардың популяциясын қорғау, сақтау және қалпына келтіруге бағытталған кең ауқымды кезең-кезеңмен жүргізілетін жоба. Оның мақсаты — қорықтар, ұлттық парктер мен аңшылық инспекциясы қызметтеріне көмек көрсету.

2002 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) ақбөкендерді «CR» санатына жатқызып, яғни, бұл жануарлардың «шектімежедегі ахуалда» екендігін білдіреді. Соңғы жылдарда белсенді әрі бақылаусыз жүргізілген аңшылықтың кесірінен ақбөкендер саны он есе азайып, ал 2015 жылы жаппай қырылудың салдарынан 134 мыңнан астам ақбөкен мерт болып, яғни, бүкіл популяцияның жартысы дерлік жойылды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды