Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадір кентінде балаларға арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Шараға Қарағанды облысының әкімі, Astana Group компаниясының президенті және өзге де ресми тұлғалар қатысты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті атқарушы органдар алдында әрбір елді-мекеннің әл-ауқатын арттыру міндетін қойған. Осы міндетті атқару мақсатында 2010−2013 жылдарға Ағадір кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кешенді жоспар қабылданып, бүгіннің өзінде зор жұмыс атқарылған».

Өңір басшысы көрсеткендей, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы осы жоспарды іске асыру аясында әрі «Астана Моторс» компаниясының қаржылық көмегі арқасында өтті. «Осы және өзге де әлеуметтік нысандар — Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған тамаша сыйлықтар», — деді облыс әкімі. кентінде балаларға арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 125 млн. теңгені құрған. Облыс әкімдігімен жасалған меморандумға сай, бұл қаржыны «Астана Моторс» компаниясы бөлген. Әлеуметтік нысанның құрылысы биылғы жылдың наурызында басталды. Мұнда дене шынықтыру-сауықтыру залы, бассейн бар. Ағадір кентінің балалары самбо, қазақша күрес, бокс, жүзу, волейбол, аэробика секілді спорт түрлерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында Ағадір кентінде стадион және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жөндеуден өткізілді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды