«Қазақстанның SOS балалар ауылдары» үшін Hyundai H1

Мерекелік шараға ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Дариға Назарбаева, «Астана Моторс» президенті Нұрлан Смағұлов, «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» КҚ Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депаутаты Серік Сейдуманов, сонымен қатар Астана, Алматы, Теміртау қ.қ. Балалар ауылдарының директорлары қатысты.

«Отбасы — адам өмірінің негізгі құндылықтарының бірі. „SOS балалар ауылдары“ қорының арқасында балалар қамқор отбасыда тәрбиеленіп, қажетті дағдыларды иеленіп, білім алып, қоғамның толыққанды мүшесі болу мүмкіндігінің бар екендігіне қуаныштымын. Біздің компания әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсетіп отырады. Микроавтобустар балаларға пайдасын тигізіп, олардың өмірін анағұрлым жайлы қылатынына үміттенемін», — деді Нұрлан Смағұлов.

Халықаралық SOS қозғалысы елімізге 1993 жылы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауыы арқасында келген. Бүгінгі таңда «Қазақстанның SOS балалар ауылдарында» 295 бала тұрады. Әрбір балалар ауылы 10−12 отбасылық үйден құралса, отбасының әрқайсысында 6−8 бала, соның ішінде әртүрлі жастағы ұлдар мен қыздар тұрады.

Балалар ауылдарында қызықты мәдени-білім беру бағдарламалары ұйымдастырылады. Олар табиғат аясында демалуға, танымдық және білім беретін экскурсияларға жиі барып, алуан түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып жатады. Жайлы көліктің болуы өте маңызды, сондықтан «Астана Моторс» компаниясы «SOS балалар ауылдарына» кез келген жерге жеткізе алатын сыйымды және жайлы микроавтобустарды сыйлады.

Балалар қонақтарға арналған мерекелік концертті дайындап, меймандарға музыкалық, би нөмілері мен тамаша көңіл-күй сыйлады. Іс-шара мейірімді және ыстық ықыласты жағдайда өтті.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.