17 қазанда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесіне отандық өндірістің 14 жаңа реанимациялық автокөлігі берілді.

Реанимациялық автокөліктерді тапсыру «2011−2015 жылдары Саламатты Қазақстан ” денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ күре жолдық медициналық құтқару пункті (КМҚП) бірге дайындалған ҚР ТЖМ жобасының аясында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде күре жолдық медициналық құтқару пункттерін (КМҚП) отандық өндірістің жаңа реанимациялық автокөліктермен жабдықтауды қарастыруда. Табысталған мамандандырылған көлік құралдарын ЖКО немесе ТЖ барысында шұғыл әрекет ету үшін республикалық маңызды қауіпті жол бөлімдері мен күре жолдарда пайдаланатын болады.

Реанимациялық автокөліктерді өндіру ТЖМ-нің арнайы тапсырысы бойынша Hyundai County автобусының негізінде Алматы қаласында «Астана Моторс» ҚМК автокөлік құрастыру кәсіпорнында жүзеге асырылатын болады. Жедел жәрдемнің стандартты көліктеріне қарағанда шұғыл әрекет ету үшін жаңа реанимациялық автокөліктер кем дегенде 5 зардап шегушіні бір уақытта шығаруға мүмкіндік береді. 7,5 метр ұзындығы бар реанимациялық автокөліктердің төбесі биік, ал ол реанимациялық шараларды өткізу барысында медициналық қызметкердің жұмысын жеңілдетеді.

«Машиналар американдық және еуропалық өндірушілердің ең заманауи медициналық және құтқару жабдықтарымен жабдықталған, автономды өмірді қамтамасыз ету үшін арнайы техникамен, яғни генераторлық бекеттермен, компьютерлермен, GPS, спутник телефониямен жабдықталған. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің қалауы бойынша реанимациялық автокөліктің стандартты үлгісін зембілді тиеу ыңғайлығы үшін артқы есіктерді қоса отырып толықтырды. Барлық автокөліктерге өндірушінің кепілдігі 2 жылға немесе жүрістің 50 000 км беріледі", — деп түсіндірді «Астана Моторс» ҚМК өкілі Шалкар Нұртілеуов.

Реанимациялық автокөліктерді өндіру барысында қазақстандық құрамның үлесі стандартты үлгілерді қайта жасау еңбек шығындары мен ТЖМ талаптарына сәйкес реанимациялық автокөліктер үшін оның конверсиясы есебінен 51% құрады.

2012 жылы ҚР ТЖМ Hyundai County негізінде 6, ал 2013 жылы — 14 реанимациялық автокөлікті алды. Келесі жылы осындай арнайы техниканың кем дегенде 14 бірлігін алу жоспарланған. Барлығы осы жобаның аясында 48 реанимациялық автокөлікті жеткізу көзделіп отыр.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды