Қазақстандағы BMW автомобильдерінің ресми импортшысы, «Астана Моторс» ҚМК құрамындағы «Бавария автоорталығы» осы жылдың мамыр айында республиканың елордасы — Астана қаласының сол жақ жағалауында автосалонның құрылысын бастайды.

«Астанадағы BMW автоорталығы неміс өндірушісінің биік стандарттарына сай болады», — деп атап көрсетті Андрей Хрисиди, «Бавария автоорталығы» ЖШС-нің бас директоры. «Енді Астанадағы BMW клиенттері беделді неміс маркасының автомобильдерін кеңінен таңдау мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ сапалы сервисті пайдалана алады», — деп атап айтты ол.

Автоорталықтың жалпы алаңы 2 115 шаршы метрді құрайды. Оған шоу-рум, сервистік аймақ пен қосалқы бөлшектер қоймасы, жуу орны, кеңсе жайлары кіреді. Автоорталықтың құрылысына құйылған инвестициялар 3 млн. АҚШ долларын құрады.

2010 жылғы 28 мамырға болашақ автосалонның іргетасының бірінші тасын қалаудың салтанатты рәсімі жоспарланып отыр. Сол күні Астанада Қазақстандағы Германия жылына арналғанxDriveTour 2010 автосапары аяқталады. Автосапардың шеңберінде республиканың ірі қалаларында BMW X-сериялы автомобильдердің арнайы xDrive Parcours жабдығындағы тест-драйвы өтеді.

xDriveTour 2010 бағдарламасы:
14−16 мамыр — Алматы қаласы
20 мамыр — Шымкент қаласы
23 мамыр — Қызылорда
26 мамыр — Қарағанды қаласы
28−29 мамыр — Астана қаласы

«БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» — Қазақстандағы BMW компаниясының ресми импортшысы. 2005 жылдан бері компания «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіреді. 2006 жылы «-БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» аңызға айналған Rolls Royce автомобильдерін сатуды бастады. Сонымен қатар компания MINI маркалы автомобильдер мен BMW мотоциклдарын сатады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ

Astana Motors пен оңтүстіккореялық THN Corporation Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құрады

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды