2009 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы «Жыл кәсіпкері" (Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық конкурсының ұлттық кезеңінің қорытындысын шығарды. Тәуелсіз қазылар алқасы жеңімпаз ретінде Astana Group президенті Нұрлан Смағұловты атады.

Бұл AstanaGroup компаниясының басшысы ретінде мен үшін зор абырой және, сонымен қатар, елеулі жауапкершілік. «Жыл кәсіпкері" деген биік атақ маған өткендегі айтулы жетістіктерім үшін емес, қайта, бизнес пен экономика үшін күрделі кезеңдегі күнделікті жұмысым үшін берілген сыңайлы. «Әлемдегі жыл кәсіпкері" халықаралық конкурсының финалында Қазақстаннан және оның кәсіпкерлер қауымынан лайықты өкіл боламын деген үмітім бар, — деді Нұрлан Смағұлов.

Сонымен қатар, AstanaGroup «Әртараптандырылған бизнес» номинациясында үздік компания деп танылды.

Конкурс туралы қысқаша ақпарат:
«Әлемдегі жыл кәсіпкері" (World Entrepreneur Of The Year Award) халықаралық конкурсын Ernst&Young компаниясының өткізіп келе жатқанына 20 жылдан асты және ол кәсіпкерлік саласындағы ең беделді әрі әйгілі халықаралық конкурс болып орынды саналады. Конкурстың географиясы әлемнің елуге жуық елінің 150-ден астам қаласын қамтиды. Конкурс ұлттық экономиканы дамытуға барынша қомақты үлес қосқан кәсіпкерлерді айқындайды және марапаттайды.
«Жыл кәсіпкері" конкурсы Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр. 2007 жылы республикамыз бағдарламаға қатысушы елдердің қатарына қосылды. Дәстүр бойынша ұлттық кезеңнің жеңімпазы әлемнің үздік кәсіпкерлерінің сайысының Монте-Карлода (Монако) өтетін финалына қатысады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді