Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытайға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Алматы» индустриялық аймағында көлік компоненттерін шығаруға арналған автоөнеркәсіп паркі құрылатынын хабарлайды.

Қазақстанның «Астана Моторс» компаниясы мен Қытайдың Chery Automobile Co.Ltd компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аньхой провинциясы (ҚХР), Хэфэй қаласында меморандумға қол қою рәсімін Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Өнеркәсіп комитеті және Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі сүйемелдеді.

Қол қойылған құжат Chery компаниясының бренд автомобильдері мен компоненттерін Қазақстанда шығаруға қызығушылық танытып отырғанын растайды. Жергілікті өндіріс көлемін арттыру, өз кезегінде, автокөліктердің құнын арзандатуға, автокөліктерді қазақстандықтар үшін қолжетімді әрі тартымды етуге жағдай жасайды.

«Chery «Астана Моторс» компаниясының шанақтарды дәнекерлеу мен сырлауды игере отырып, толық цикл өндірісін құру арқылы Қазақстандағы автомобиль жасау саласын біртіндеп дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Бұл қол қою рәсімі салынып жатқан мультибрендтік зауытқа арналған көлік компоненттері паркін құру ісінде біздің қолдау көрсететінімізді куәландырады», – деп атап өтті Chery International Co Ltd вице-президенті Жу Шаодонг мырза.

2023 жылы қазан айында Аньхой провинциясының губернаторы Ванг Чиньшен мырза және Chery Holding Group автомобиль холдингінің басқарма төрағасы Инь Тонгё мырза басқарған Қытай делегациясы Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan болашақ зауытының құрылыс алаңын аралады. Мұнда 2025 жылдан бастап Chery автомобильдері шығарылатын болады. Сол кезде «Астана Моторс» пен Chery қосалқы бөлшектерді жергілікті жерде өндіру және жеткізу тізбегін жолға қою бөлігінде ынтымақтастықты одан әрі арттыру туралы келісті. Қытайда меморандумға қол қою ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.

ФОТО: Аньхой (ҚХР) провинциясы губернаторы мен Chery басшылығының Алматыға сапары, 22 қазан 2023

«Автоөнеркәсіп паркі – бұл автомобиль өндірістерінің жергілікті жерде ұйымдастырылуын қолдау үшін көлік компоненттерін өндірушілерді тарта отырып, индустриялық кластерді қалыптастыруға арналған өндірістік алаң. Қазір Алматы қаласының индустриялық аймағында қуаттылығы жылына 90 мың автомобиль болатын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытымыздың құрылысы жүріп жатыр. Барлық көлемнің 100% дәнекерлеу және сырлау арқылы шағын торапты әдіспен өндірілетін болады. Бұл көлік компоненттері өндірісін жергілікті жерге ұйымдастыруды қаржылай тиімді етеді. Сондықтан осы жерде көлік компоненттерін шығаратын кәсіпорындар кешені салынып жатыр. Оған орта бизнес тартылатын болады. Бұл қазақстандық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар. Біздің міндетіміз – өндірушілердің тізімін ұлғайту және сол арқылы жергілікті жердегі өндірісті дамыту», – деді «Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев.

ФОТО: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытының жобасы

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы 2024 жылдың IV тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. 2025 жылдың I тоқсанында пилоттық автомобиль өндірісі басталады. Өндіріс ауданы 150 000 шаршы м құрайды. Жобаның жалпы құны – 164 млрд теңге. Зауытта Қытай автомобиль брендтерінің автомобильдері шығарылады. Соның ішінде мына үш модель де: Chery – Tiggo 2, Tiggo 4 Pro, Tiggo 7 PRO

Кәсіпорында жартылай автоматтандырылған үш дәнекерлеу цехы қарастырылған – әр бренд үшін бір цех. Сондай-ақ әр бренд үшін бір желіден үш құрастыру желісі қарастырылған. Бұл көбірек жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сырлау цехы толығымен автоматтандырылған және барлық брендтер үшін жалғыз цех болады.

Зауытта 2600 жұмыс орны ашылады. Негізгі штатты жетекші автоконцерндердің тәжірибесі мен стандарттарын қабылдайтын, сондай-ақ Қазақстанда технологияларды дамытатын инженерлік-техникалық мамандықтардың мамандары құрайды.

«Астана Моторс» өндірілетін автомобильдердің жалпы көлемінің 40% ішкі нарыққа, ал 60% экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

«Астана Моторс» пен Chery компаниясы 2021 жылы дистрибьюторлық келісімге қол қойып, содан бастап ынтымақтастық орнатып келе жатқанын айта кету керек. Қазіргі таңда жиынтық сату көлемі 15 000 автокөліктен асты. Chery дилерлік орталықтары Қазақстанның 18 қаласында ашылды: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен. Сондай-ақ көліктерді онлайн сатып алуға болады.

Қазақстанда жасап шығарылған Chery автокөліктері 2025 жылы сатылымға түседі.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі