Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұлов Қоры бәрін қосқанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 6,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Нұрлан Смағұлов қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,6 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Қаражат өмірлік маңызы бар инфрақұрылымды қалпына келтіру және үйлері су тасқыны нәтижесінде бүлінген немесе қираған адамдарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысына жіберілді.


ҚР ТЖМ фотосуреті

«Қазақстан өңірлеріндегі ауқымды тасқын еліміз үшін нағыз сын-қатер болды. Қазақстандықтар ТЖ кезінде бірігіп, қиындыққа тап болған адамдар мен жануарларға көмек көрсете отырып, өздерін жақсы жағынан танытты. Су тасқыны жағдайы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Біздің компанияларымыздың тобы зардап шеккен өңірлерге ақшалай қаражат аударып, гуманитарлық көмек жіберіп, қиын-қыстау кезеңде алғашқы күндерден бастап ат салысты. Біз жаңалықтарды мұқият қарап жүрміз, қазір су шегініп жатыр және жағдай тұрақтанады деп үміттеніп айтамыз. Бірақ алда адамдарды қалыпты өмірге қайтару бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз Қорымыз арқылы 5,6 миллиард теңге бөлуді шештік. Бұл қаражат қазақстандықтардың игілігіне жұмсалсын», – деді кәсіпкер әрі  меценат Нұрлан Смағұлов.

Нұрлан Смағұлов — «Астана Моторс» компанияларын, MEGA СОО желісін және Mycar.kz компаниялар тобын қамтитын Astana Group негізін салушы.

2024 жылғы 1 сәуірде «Астана Моторс» компаниясы 500 млн теңге мөлшерінде тасқыннан зардап шеккен адамдар үшін көмекті алғышқылардың бірі болып аударды.

Сонымен қатар «Астана Моторс», MEGA СОО, Mycar.kz қызметкерлері өз бастамасымен 10 млн 421 мың теңге мөлшерінде қаражат жинап берді, бұл ақшаға азық-түліктер мен алғашқы қажеттілік заттары сатып алынды. Гуманитарлық көмек Ақмола облысының Атбасар ауданына жіберілді.

«Астана Моторс» құрамына кіретін Chery бренді қытайлық Chery International компаниясымен бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысына 50 млн теңгеге баламалы гуманитарлық көмек жіберді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.