Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

Бүгінгі таңда төрт MyCharge ЭЗС ашылған, олар Алматыда MEGA Alma-Ata СОО аумағында, Hyundai Premium әл-Фараби, Hyundai Suyunbay дилерлік орталықтарында және Қонаев қаласында Qonaev City сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмыс істеп тұрған ЭЗҚ-ларда қуаты 80-нен 480 кВт-қа дейінгі жылдам зарядтау станциялары орнатылған, бір терминалдың максималды қуаты 240 кВт. Терминалдардағы ағытпа стандарттары: GBT (Қытай стандарты) және CCS2 (Еуропа стандарты).

«Жаңа энергия көздерімен жүретін автокөліктер – Қазақстанға сөзсіз келетін әлемдік тренд, сондықтан зарядтау инфрақұрылымы мәселесін бүгін шешу керек. Біз санға емес, сапаға назар аударып, TELD компаниясының озық жабдықтарымен қауіпсіз жоғары технологиялық ЭЗС желісін салуды көздеп отырмыз», – деді «Астана Моторс» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ақылбек Анарбаев.

TELD электрзарядтау жабдығының ресми дистрибьюторы және MyCharge ЭЗС желісінің операторы құқығында «Астана Моторс» сондай-ақ Қазақстанда ЭЗС салуға және басқаруға қызығушылық танытып отырған отандық кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігі туралы хабарлайды. «Біз TELD компаниясының озық технологияларымен және бизнестегі өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деп атап өтті Ақылбек Анарбаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары кезінде 2023 жылдың қазан айында Бейжіңде «Астана Моторс» пен TELD New Energy Co. дистрибьюторлық келісімге қол қойғанын естеріңізге сала кетеміз.

slider_299

slider_301

TELD жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру әзірлейді, 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің ЭЗС-ларымен жұмыс істейді және осы салада бай аналитикалық, инженерлік деректерге ие. Компания қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудара отырып, ЭЗС салу және пайдалану нормалары бөлігінде ҚХР заңнамасын қалыптастыруға және жаңартуға белсенді қатысады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.

ҮШ АЙДА 264 ПӘТЕР: НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ ОРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

Қазақстан-Корея президенттерінің қатысуымен өткен бизнес-форумда автомобиль өнеркәсібінің дамуы талқыланды

Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында «Astana Motors» бас директоры Бекнұр Несіпбаев алдағы уақытта жаңа үлгілер мен автобрендтер шығарылатынын, сондай-ақ өндірістің кеңейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 264 ҰСЫНДЫ

Нұрлан Смағұлов өз қоры арқылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек көрсетуге 5,6 млрд теңге бөлді. Қаражат БҚО тұрғындары үшін пәтер сатып алуға жұмсалды.

Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 6,1 млрд теңге жіберді

Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұлов Қоры бәрін қосқанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 6,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Chery Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетеді

«Астана Моторс» құрамына кіретін Chery Kazakhstan дистрибьюторы су тасқынынан зардап шеккендерге құны 50 миллион теңге гуманитарлық көмек жіберді.