Нұрлан Смағұлов, Джон Томсон және Паскаль Руш болашақ Lexus Astana дилерлік орталығының іргесіне уақыт капсуласын сақтауға салды
Фотосурет: архив баспасөз қызметінің архиві

Жетекші британдық сәулетшілер мен Chapman Taylor компаниясының әзірлеушілері «Астана Моторс» тапсырысы бойынша Lexus Astana дилерлік орталығын жобалады. Ауданы шамамен төрт мың шаршы метр болатын автосалонның жаңа ғимараты Қазақстанның елордасы Астана қаласының Нұра ауданында салынады.

3 қыркүйек күні Астанада «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының президенті Джон Томсон, Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш пен «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов болашақ Lexus Astana дилерлік орталығының іргесіне «уақыт капсуласын» сақтауға салды. Келешек ұрпаққа арналған жолдау бренд нышандарымен бірге буып-түйіліп, капсулаға салынды, ал капсула жоспар бойынша 65 жылдан кейін, яғни Lexus брендінің 100 жылдығына ашылмақ.

«Lexus Astana жаңа дилерлік орталығының құрылысы Қазақстандағы Lexus дилерлік желісінің сенімді дамуын және брендтің «Астана Моторс» компаниясымен табысты әріптестік орнатуын білдіреді. Қазақстандықтардың осы брендтің автокөліктеріне деген жоғары сенімі Lexus автокөлігін премиум сегменттің көшбасшысына айналдырады және біз Қазақстандағы Lexus табысы жөніндегі тарихымызды «Астана Моторс» компаниясымен қуана бөлісіп отырып, бұл орталықтың Еуропадағы ең үздік Lexus дилерлік орталығы болатынынына сенімдіміз», — деді Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш.



Болашақ дилерлік орталық   Фотосурет: баспасөз қызметінің архиві

Астана қаласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетейік және ол құрылыс аяқталған соң кең шоурумы мен клиенттерге арналған жайлы аумағы бар жаңа ғимаратқа көшеді. Ғимарат Lexus брендінің стандарттарына сай қазақтың халқының мәдениеті мен ұлттық стиль элементтерімен жобаланған.

«Тойота Мотор Қазақстан» мен «Астана Моторс» арасындағы серіктестік 30 жылдан астам уақыт бойы сәтті жалғасын тауып келеді. Осы уақыт ішінде компанияларымыздың басты назарында болған нәрсе – бұл клиенттер, олардың неге қызығып, нені күтетіні, – деді «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов. – Біз әлемге танымал Leхus брендімен байланысты нығайтуға ұмтыламыз және клиенттер үшін ең жоғарғы жайлылық деңгейін қамтамасыз ете отырып, ынтымақтастықты сақтауға ниеттіміз».



Жоба авторлары — Chapman Taylor            Фотосурет: баспасөз қызметінің архиві

Lexus бренді Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалаларында ұсынылғанын естеріңізге сала кетеміз. Брендтің сервистік орталықтары Қарағанды және Орал қалаларында жұмыс істейді. 2023 жылы қазақстандықтар 2040 Lexus автокөлігін сатып алған. Сөйтіп, бренд премиум-сегменттегі сатылымның 58%-дан астам бөлігін құрап, Қазақстан нарығында ұсынылған премиум автокөлік брендтері арасында дағдылы көшбасшы болды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.