«Астана Моторс» Қазақстанда BYD брендінің іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлады

Қазақстан, Алматы. BYD брендінің ресми іске қосылуы және BYD Al-Farabi флагмандық дилерлік орталығының ашылуы рәсімі.
«Астана Моторс» фотосуреті
Қытайлық инженерлер BYD автокөліктерін қазақстандық нарыққа бейімдеді.
Брендтің іске қосылуына орай салтанатты рәсім Алматы мен Астанада бір мезгілде BYD Al-Farabi, BYD Turan, BYD Kuldzhinka және BYD Mycar Astana жаңа дилерлік орталықтарында өтті. Мегаполистердегі іс-шараға 600-ден астам қонақ, оның ішінде BYD Kazakhstan дистрибьюторының «Астана Моторс» құрамындағы серіктестері, алғашқы клиенттері және BYD Central Asia ресми өкілдері қатысты.
NEV индустриясындағы әлемдік көшбасшының нарыққа шығуы қазақстандықтар өте күткен оқиғалардың бірі болды. BYD концерні жаңа қуат көздеріндегі 10 миллионнан астам автокөлік шығарды және үш жыл ішінде 100-ден астам елде сатылымдар бойынша рекордтарды жаңартты. 2024-ші жылы бренд 2023-ші жылмен салыстырғанда 41 % өсім көрсетті (4,3 миллион NEV автокөлігі). Осылайша, BYD Toyota, Volkswagen және Ford-тан кейінгі төртінші автоалып болды.
Айван Цао, BYD Central Asia басқарушы директоры, Александр Бейсембиев, «Алматыэлектротранс» бас директоры, Нұрлан Смағұлов, «Астана Моторс» негізін қалаушы.
«Астана Моторс» фотосуреті
«Қазақстандағы электрмобильдер нарығы қарқынды дамып келеді. BYD Қазақстанның экологиялық таза көлікке көшуінің бір бөлігі екенін мақтан тұтады. Біз жайлы, жоғары технологиялы автокөліктерді ұсынамыз және модельдік қатарды кеңейтуге ынталымыз, сенімді серіктесіміз «Астана Моторс» компаниясымен бірге Қазақстанда тұрақты болашаққа анағұрлым тиімді қозғалу үшін инновацияларды енгізуге ниеттіміз», – деп атап өтті BYD Central Asia басқарушы директоры Айван Цао.
Қазақстандағы BYD дистрибьюторы автокөліктерді сатуды 2025-ші жылдың қаңтарында бастады. Бірінші кезеңде жергілікті нарықта BYD SONG PLUS EV электрлік кроссовері, SONG PLUS Dm-i гибридті кроссовері және электрлік BYD HAN толық жетекті седаны бар. Модельдердің құны 15,7 млн теңгеден басталады. Автокөліктерге 6 жыл немесе 150 мың шақырым, Blade аккумуляторлық батареяларына 8 жыл кепілдік беріледі.
Беріктігі жоғары компоненттерден тұратын литий-темір фосфатты BYD Blade Battery – бұл компания инженерлерінің революциялық өнімі. 2024 жылдың желтоқсанында BYD Blade аккумуляторы британдық Electrifying.com сарапшылар ұйымының «2024-ші жылғы инновация» сыйлығымен марапатталды. Айтпақшы, Ұлыбританияда BYD сатылымы 2024-ші жылы 658 %-ға өсті (8,700-ден астам көлік сатылған).
Автокөлік мамандары Blade аккумуляторын әлемдегі ең қауіпсіз деп атайды. Оның құрамында кобальт жоқ, жылу шығару деңгейі төмен, соның арқасында ол өзгеріске ұшырамайды және төтенше жағдайларда да өнімділігін жоғалтпайды. Сонымен қатар Blade жоғары қуат сыйымдылығына және ұзақ қызмет ету мерзіміне ие.
BYD Al-Farabi дилерлік орталығы, Қазақстан, Алматы. Брендтің Қазақстандағы алғашқы клиенттері.
«Астана Моторс» фотосуреті
Қауіпсіздік, технологиялылық, қазақстандық нарыққа бейімделу және үнемділік – BYD автокөліктерін сатып алушылардың таңдауына ықпал ететін негізгі артықшылықтар, бұл туралы брендтің дистрибьюторы мен ресми дилерлері айтады.
«BYD «Астана Моторс» компаниясының брендтер портфелінде ерекше орын алады және біз қытайлық әріптестерімізбен берік ынтымақтастыққа үлкен үміт артамыз. «Астана Моторс» қазақстандықтар үшін брендтің жоғары стандарттарын қамтамасыз ете отырып, бүкіл ел бойынша BYD дилерлік желісін дамытуға ниетті. Біз барлығына ашықпыз және Қазақстанда BYD автокөліктерін сатудың басталғаны туралы ресми түрде жариялаймыз және клиенттерімізге техникалық қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Қазақстандағы BYD дистрибуциясының директоры Антон Кущ.
BYD ресми автокөліктері күрт-континенттік климатқа және Қазақстан жолдарына бейімделуден өтті. Атап айтқанда, бұл корпустың металын коррозияға қарсы қосымша өңдеу және көлік астын агрессивті ортадан қорғау. Басқару блоктарының параметрлері, соның ішінде гибридті нұсқалар үшін отын сапасын ескере отырып бейімделген. Бұл Қазақстанға бірнеше рет ұшып келген және жылдың әр мезгілінде автокөліктерді сынаған BYD инженерлер тобы арқасында мүмкін болды.
Сонымен қатар BYD модельдері қазақ және орыс тілдерінде интерфейсі бар мультимедиалық жүйеге ие. Болашақта автокөлік салонында ннтернетке қол жеткізу үшін жергілікті сим-карталарды енгізу мүмкіндігі пайда болады.
BYD SONG PLUS Dm-I гибридті кроссовері.
«Астана Моторс» фотосуреті
Қазақстандағы BYD модельдік қатарын кеңейте отырып, «Астана Моторс» DM-i технологиясымен жабдықталған өздігінен зарядталатын гибридті автокөліктерге назар аударады. Осы жүйенің арқасында, мысалы, SONG PLUS Dm-i кроссоверінің бірқатар артықшылықтары бар, мысалы, төмен отын шығыны (100 км-ге 4,7 литр) және үлкен жүріс қоры – 1200 км. Компанияда гибридті автокөліктер Қазақстандықтардың ІЖҚ автокөліктерінен электркөліктерге неғұрлым ыңғайлы ауысу мүмкіндігі деп санайды.
MEGA Alma-Ata СОО аумағындағы MyCharge электрлік зарядтау станциясы.
«Астана Моторс» фотосуреті
Қазақстандықтар үшін өзекті мәселелердің бірі – электрлік зарядтау станцияларының (ЭЗС) инфрақұрылымы. Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» Қытайдағы осы саладағы көшбасшы TELD-ның қауіпсіз «ақылды» технологиялары негізінде ЭЗС желісін дамытуға қатысады.
Бүгінгі таңда «Астана Моторс» құрамындағы MyCharge компаниясы Қонаев, Астана және Алматы қалаларында 16 ЭЗС-ты іске қосты. ЭЗС желісі өсе беруде.
BYD автокөліктері және ресми дилерлік орталықтардың жұмысы туралы толық ақпаратты «Астана Моторс» байланыс орталығының ресми сайтынан 7007 телефоны арқылы білуге болады.
Дереккөз: forbes.kz