Германия, Майнц. Нұрлан Смағұлов «Астана Моторс», негізін қалаушы, Чжу Хуарун, Changan Automobile Co. төрағасы Фото: Changan Automobile Group

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.

Осылайша, «Астана Моторс» пен Changan ынтымақтастық орнатып, Польшада Changan, Deepal и Avatr көліктерін бірлесіп таратуға дайын.  Аталған  көліктер – интеллектуалды төмен көміртекті технологиялармен айналысатын жетекші Қытай автоконцернінің негізгі брендтері.

Меморандумға қол қою рәсімі Changan брендінің Еуропада Sharing the Future (Болашақпен бөліс) ұранымен өткен тұсаукесер аясында жүзеге асты. Салтанатты іс-шараға Германия, Польша, Ұлыбритания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия және басқа да елдердің бизнес өкілдері қатысты.

Changan Automobile Group және «Астана Моторс» делегациясы. Фото: Changan Automobile Group

«Астана Моторс» және Changan Automobile Group 2022 жылдың қыркүйегінен бастап, яғни Қазақстанда брендтің сатылымға шыққан бері әріптестік орнатқан. Changan автокөліктері бірден жергілікті нарықта жақсы қырынан танылды. Бүгінде республиканың 14 қаласында 20 ресми дилер брендтің 9 моделін ұсынады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Changan 4,4% үлесімен Қазақстандағы ең танымал 10 модельдің қатарына кірді (Қазақстанның автокөлік одағының деректері). «Астана Моторс» аймақтарда Changan өңірлік желісін кеңейтуді көздеп отыр, сонымен қатар Алматыдағы «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» отандық мультибрендті зауытында бірқатар бренд модельдерінің өндірісін жолға қоюда (іске қосу – 2025 жылдың II тоқсаны).

 

«Біздің табысты серіктестігіміз одан әрі Польшадағы дистрибьюторлық байланысымыз үшін берік негіз болды. Біз Changan, Deepal, Avatr автокөліктеріне деген жоғары қызығушылықты көріп отырмыз және «Астана Моторс» брендтерімізді алға жылжыту үшін ең жақсы жағдайлар жасайды деп сенеміз», - деді Changan Automobile Group атқарушы вице-президенті Ли Минцай

Deepal S07 моделі. Фото: Changan Automobile Group

Польшаға Changan автокөліктері Қытайдан келеді. 2026 жылы республикаға арналған модельдік қатарға гибридті және электрлік қүштік қондырғылары бар ықшам, орташа және үлкен өлшемді кроссоверлер кіреді.

«Астана Моторс» Польшадағы дилерлік желісін дамытуды ел астанасы Варшавадан бастайды. Польшадағы Changan дистрибуциясын жоғары білікті және тәжірибелі жергілікті мамандар басқаратын болады.

Avatr 07 моделі. Фото: Changan Automobile Group

«Бүгінгі таңда «Астана Моторс» компаниясының жаһандық мақсаты – әлемдік брендтердің, соның ішінде Changan автокөліктерінің өндірісін локализациялау. Біздің көп жылғы тәжірибеміз шетелде бизнесті басқаруда сенім ұялатады. Осы орайда біз Changan Automobile Group компаниясына «Астана Моторсты» Польшадағы стратегиялық серіктес ретінде таңдағаны үшін алғыс айтамыз», деді «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.