Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

Осылайша, отандық өндірістің Hyundai автокөліктері бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның автомобиль нарығында көшбасшылықты сақтап келеді.

«Авторитейлдегі бәсекелестік жыл сайын күшейе түсетініне қарамастан, Hyundai нарық көшбасшысы ретіндегі позициясын нығайтуда. Қазақстанда Hyundai сатылымының айтарлықтай өсуі біздің отандастарымыздың брендті лайықты түрде мойындауын растайды. Алдағы уақытта біз модельдік желіні ғана емес, дилерлік желіні де кеңейтуге ниеттіміз, сондай-ақ қазақстандықтардың ыңғайлығы үшін қызықты ұсыныстар әзірлеуді жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті Hyundai Auto Kazakhstan директоры Марат Смағұлов.

Брендтің бестселлері TUCSON кроссовері бұрынғысынша Hyundai модельдік қатарындағы ең танымал көлік болып табылады. Қаңтардан наурызға дейінгі аралықта осы модельдің 4876 көлігі сатылды. Кроссовер өзінің әмбебаптығы, қолайлығы, жайлылықтың жоғары деңгейі және озық қауіпсіздік технологияларының арқасында жолдардың нағыз көшбасшысы болып саналады. Бестселлердің бағасы 14 990 000 теңгеден басталады.

Сұранысқа ие Hyundai автомобильдерінің рейтингінде екінші орынды ELANTRA седаны алады. Бірінші тоқсанда 2054 автокөлік сатылды, яғни көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123%-ға өсті (920 бірлік). Мұндай әсерлі өсу динамикасы қазақстандық тұтынушылар арасында осы модельдің жоғары тартымдылығы мен сұранысын айғақтайды. Бүгінгі таңда компания қозғалтқыштың үш нұсқасы бар жаңартылған ELANTRA ұсынады – сәйкесінше 1.5 л, 1.6 л, 2.0 л вариатормен және автоматты беріліс қорабымен. Автокөлік тоғыз жиынтықталымда 10 690 000 теңгеден басталатын бағамен қолжетімді.

Сонымен қатар қазақстандықтардың жүрегін бірден жаулап алған және Hyundai рейтингінде үшінші орынға ие болған брендтің абсолютті жаңа өнімі - MUFASA кроссоверін атап өту қажет, ал үлесі 21%-ды құрады, яғни наурыз айында сатылған әрбір бесінші Hyundai автокөлігі - MUFASA жаңа моделі. Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан бойынша осы модельдегі 955 автомобиль сатылды. Бұл отандық авторынықта кроссовердің сәтті дебюті мен жайлылық пен инновацияны бағалайтын қазақстандықтар тарапынан танылуының дәлелі. Автокөлік 14 490 000 теңгеден басталатын бағамен қолжетімді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында SANTA FE сатылымы 1276 автокөлікті құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (350 бірлік) брендтің модельдік қатарындағы 265%-ды құрайтын ең жоғары өсу көрсеткішін көрсетті. Бұл қазақстандық тұтынушылардың жаңа буынның флагмандық кроссоверіне деген қызығушылығының артқанын растайды. SANTA FE 5 жиынтықталымда, сондай-ақ Calligraphy эксклюзивті нұсқасында ұсынылған. Құны 21 190 000 теңгеден басталады.

Өз кезегінде Hyundai Auto Kazakhstan Дистрибьюторы Hyundai Finance бағдарламасы бойынша ең танымал Hyundai модельдерін сатып алудың жеңілдетілген шарттарын ұсынады.  TUCSON, ELANTRA, MUFASA және CUSTIN мөлшерлемесі 4%-дан басталады. SONATA, SANTA FE, PALISADE, STARIA - 6%-дан бастап, бастапқы жарна бойынша икемді шарттармен. Автокредитті өтеу мерзімі 7 жылға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, брендтің барлық модельдері Қазақстанның 23 қаласындағы 31 ресми дилерлік орталықта қолжетімді. Автокөліктерді «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны - Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan отандық зауыты шығарады.

Толығырақ ақпаратты байланыс орталығының 7007 нөмірі бойынша немесе Hyundai Auto Kazakhstan ресми дилерлеріне хабарласу арқылы, сондай-ақ Hyundai сайтында нақтылауға болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.

«Астана Моторс» және Youngsan автокөлік орындықтарын локализациялады

Бүгін Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен Youngsan автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосқанын жариялады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: МУЛТИБРЕНДТІ ЗАУЫТ CHANGAN CS55 PLUS-ТЫ ШЫҒАРУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты қытайлық Changan компаниясымен CS55 Plus автокөліктерін шығаруға арналған жабдықты жеткізу туралы келісімге қол қойды.

«Астана Моторс» Қазақстанда BYD брендінің іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлады

Қытайлық инженерлер BYD автокөліктерін қазақстандық нарыққа бейімдеді