24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

«Acтана Моторс» құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan қазақстандық компаниясы бірден бірнеше марапаттарға ие болды: сату бойынша көшбасшы, автокөліктің флагмандық моделін сату бойынша көшбасшы, сату динамикасы бойынша көшбасшы, ең тиімді дилерлік желі.

Компания команданың жоғары нәтижелерін және таңдалған стратегияның тиімділігін марапаттар халықаралық деңгейде растайтынын атап өтті.

Конференцияда GWM негізін қалаушы Джек Вэй мырза құттықтау сөз сөйледі. Ол 2024 жылы компания таза кірісті екі есеге арттырғанын және бұл пайданың үштен бірін шетелдік нарықтар қамтамасыз еткенін атап өтті. GWM жаңа технологияларға, өнім сапасын жақсартуға және сенімді серіктестікке бәс тігу арқылы болашаққа сеніммен қарайды.

Өз кезегінде Haval Motor Kazakhstan Бас директоры Эдуард Кузнецов: «GWM бес жылдан бері Қазақстанда HAVAL кроссоверлерін, TANK жол талғамайтын көліктерін және GWM пикаптарын ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде біз бүкіл Қазақстан бойынша 45 дилерлік орталық аштық, онлайн-дилерді қостық және клиенттер үйден шықпай-ақ автокөлік сатып алуы үшін маркетплейсті енгіздік. Бүгінгі таңда 25 000-нан астам риза клиент бізді таңдайды, мысалы, HAVAL M6 моделі Қазақстан нарығында ресми түрде ұсынылған ең танымал 5 автокөліктің қатарына кіреді. Биыл біз жаңа деңгейге өтіп жатырмыз, HAVAL Jolion, TANK 300 және басқа модельдердің сериялық өндірісі басталады. Бұл жай жергілікті өндірістегі қадам ғана емес, сондай-ақ қазақстандық автоөнеркәсіптің дамуына қосқан үлес», - деп атап өтті.

Дистрибьютор Қазақстанда TANK жанкүйерлерінің ресми клубын құрды және екінші жыл қатарынан бренд жанкүйерлері үшін қызықты тест-драйвтар, кездесулер өткізуде. Сондай-ақ Haval бренді спорттық марафондарға, балалар мен жасөспірімдер футболына және басқа да іс-шараларға қолдау көрсетіп жүр.

HAVAL және TANK модельдерінің өндірісі жаңа мультибрендтік зауытта жолға қойылады. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының ашылуы 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors Changan брендімен Қытайда үш марапатқа ие болды

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Электрокөліктер: Сатып алу кезінде қандай аккумуляторды таңдау қажет

Қазақстанда жаңа энергия көзіне негізделген (NEV) көліктер паркінің өсуіне байланысты автоөндірушілерді таңдау тақырыбы өзекті болып отыр. Бұл ең алдымен электр немесе гибридті көліктерді қауіпсіз және тиімді пайдалануға байланысты. Сондай-ақ, күн тәртібінде көлік қауіпсіздігі үшін электр қуаттау станциялары мен үй жағдайында қуаттаудың қолжетімділігі қарастырылып жатыр. Сатып алушылардың экокөліктерді таңдауына әсер ететін негізгі факторлар туралы Қазақстанда NEV көліктерінің сатылымы бойынша лидер - BYD ресми дистрибьюторының өкілдері айтып берді.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді