Бүгін Пекин қаласында (ҚХР) BYD Auto Industry Co. Ltd және «Астана Моторс» компаниялары «Астана Моторс» компаниясына BYD брендіне Қазақстанда ресми түрде өкілдік ету және республикаға жаңа қуат көздерімен жүретін автокөліктерді жеткізу құқығын беретін дистрибьюторлық келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мақсатындағы іскерлік бизнес-форумның шеңберінде өтті. Бизнес-форум ҚКП ОК бас хатшысы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу — бір жол» бағдарламасын құру бойынша бастамасының 10 жылдығын атап өтуге орайластырылған «Жасыл даму» тақырыбындағы ІІІ «Бір белдеу — бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумының қарсаңында ұйымдастырылды.

BYD – 1995 жылы құрылған трансұлттық жоғары технологиялы компания, автомобиль жасау, темір жол көлігі, жаңа энергетика, электроника секілді бизнес бағыттарын қамтиды және Қытайда, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда, Бразилияда, Венгрияда, Үндістанда 30-дан аса өнеркәсіптік парктерге иелік етеді.

BYD компаниясының автокөлік бөлімшесі – 2003 жылы құрылған BYD Auto компаниясы таза электрлі, сондай-ақ қосымша зарядталатын гибридті автокөліктер әзірлеуге маманданған.

Бүгінде BYD – ҚХР-дағы №1 автокөлік бренді – алпауыт және NEV (жаңа қуат көздеріне негізделген) автокөліктерін сату бойынша әлемдік көшбасшы, 2022 жылы сатылымдар көлемі бойынша америкалық Tesla компаниясын басып озды. Әлемдік сарапшылар 2023 жылдың соңына дейін BYD тағы да Tesla-дан басып озып, BEV (аккумуляторлы электромобильлер) тәжін жеңіп алады деп болжайды.

Биыл BYD жаңа қуат көздерімен жүретін 2 079 638 автокөлік сатты және қыркүйек айында электромобильдер сатылымдарында рекордқа қол жеткізді – 287 454 бірлік, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 43%-ға көбірек.

Экологиялық таза энергия саласындағы нағыз көшбасшы болып табылатын BYD бүкіл әлем бойынша NEV автокөліктерінің 5,1 млн-нан аса бірлігін жасап шығару ниеті туралы мақтанышпен мәлімдейді. Алты құрлықта 70 ел мен аймақтардағы 400 қалада жұмыс істей отырып, BYD 2022 жылы маңызды қадам жасап, іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктердің өндірісін тоқтатып, тек BEV және PHEV қозғалтқыштарына ден қойды. Өзінің «Жер шарын 1°C-қа салқындату» тұжырымдамасын берік ұстанған BYD жарқын болашаққа арналған тұрақты мобильділікті қамтамасыз ете отырып, өмірді жақсартуға бағытталған технологиялық инновацияларды қолдануды жалғастыруда.

BYD модельдік қатарын электромобильдермен және қосымша зарядталатын гибридтермен кеңейте отырып, әлемдік нарықтың барған сайын көбірек үлесін жаулап алуда. 2023 жылдың бірінші жартысында BYD компаниясы 80 мыңнан аса автокөлік экспорттады және әлемнің бірқатар елдерінде, соның ішінде «Астана Моторс» BYD маркасының ресми дилері болып табылатын Өзбекстан Республикасындағы қатысуын кеңейтті.  Бүгінгі таңда «Астана Моторс» Өзбекстанда жеті BYD дилерлік орталығын ашты. 2023 жылдың соңына дейін «Астана Моторс» Өзбекстандағы BYD дилерлік орталықтарының санын 12-ге дейін көбейтеді және 9 400 NEV автокөлігін сатады.

Қазақстанда BYD автокөліктерін сатудың ресми басталуы 2024 жылдың басына жоспарланған.

Пекиндегі дистрибьюторлық келісімге қол қою рәсімінде Қазақстан тарапына «Астана Моторс» бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Ақылбек Анарбаев өкілдік етті. Қытай Халық Республикасы тарапынан құжатқа BYD Еуропа бас менеджерінің орынбасары Чао Шуан мырза қол қойды. 

«Орталық Азиядағы аса ірі автокөлік компанияларының бірі болып табылатын «Астана Моторстың» бұл саладағы ең тәжірибелі және кәсіби командасы бар.  Екі компанияның арасындағы Өзбекстандағы ынтымақтастық айтарлықтай ілгері басуды және сәтті жетістіктерді көрсетеді. Бүгінде біз «Астана Моторспен» ынтымақтастығымызды Қазақстан нарығына кеңейтіп отырғанымызға және жаңа қуатпен жүретін автокөліктерді қазақстандық клиенттерге жеткізу бойынша міндетті тапжылмай бірлесіп жұмылдырған күш-жігеріміздің арқасында орындағанымызға қуаныштымыз», – деді BYD Еуропа бас менеджерінің орынбасары Чао Шуан мырза. 

«Астана Моторстың» негізін қалаушысы және басшысы Нұрлан Смағұлов өз кезегінде компанияның қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің ІЖҚ (іштен жану қозғалтқыштары) дәуірінен жаңа қуат көздерімен жүретін автокөліктер дәуіріне өтуіне көмектесу ниеті туралы хабарлады.

«Біз қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған инновациялық технологиялардың енгізілуін және қолданылуын қолдаймыз және BYD Auto Industry Co. Ltd компаниясына экологиялық таза және әлемде танымал BYD автокөліктерін Қазақстанда таныстыруға сенім білдіргені үшін алғысымызды айтамыз. Болашақ жаңа қуат көздерімен жүретін автокөліктердің еншісінде, біз бұл бағытта прогресс көріп отырмыз. Автомобиль саласындағы отыз жылдық табысты тәжірибесіне сүйене отырып, «Астана Моторс» компаниясықазақстандықтарға арнап бүкіл ел аумағында  BYD жаңа өнімдерінің жеткізілімін, BYD стандарттары бойынша дилерлік орталықтарда сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін экологиялық таза көлік трендінің дамуына ықпал етуге ниетті», – деп атап өтті Нұрлан Смағұлов.

 Ресми дистрибьютор «Астана Моторс» Қазақстанға Кедендік Одақтың техникалық регламентіне сәйкес келетін, климаттық жағдайларға, пайдаланудың жолдағы жағдайларына бейімделген, сондай-ақ мультимедиа жүйесінің орыс тіліндегі интерфейсі бар BYD автокөліктерін жеткізетін болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі BYD мультимедиасының интерфейсіне 2024 жылдың ІІ жартысында кіргізілетін болады.

2024 жылдың басында «Астана Моторс» Қазақстанға жүріс қоры 715 км-лік алдыңғы жетекті және 610 км-лік толық жетекті HAN толық өлшемді электрлі өкілдік седанының, сондай-ақ жүріс қоры 605 км-лік алдыңғы жетекті орташа өлшемді Song Plus кроссоверінің жаңа буынының жеткізілімдерін бастайды. 2024 жылдың жазына Қазақстан нарығына аралас режимдегі жүріс қоры 1100 км-ге дейін жететін қосымша зарядталатын гибридті кроссовердің шығарылуы белгіленген.

Алғашқы BYD дилерлік орталықтары 2023 жылдың IV тоқсанында Mycar Astana және Mycar Almaty автоорталықтарында жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ дилерлік желіге Mycar.kz онлайн-дилері кіретін болады.

BYD флагмандық автоорталықтары өз есіктерін Астана және Алматы қалаларында 2024 жылдың IV тоқсанында ашады. 2025 жылдан бастап бренд бүкіл ел аумағында ұсынылатын болады.

Қазақстандағы BYD туралы толық ақпаратты https://byd-auto.kz ресми сайтынан, брендтің әлеуметтік желілерінен @byd_auto.kz, сондай-ақ тәулік бойы істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығынан – 7007 алуға болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі