АЛМАТЫДА ЖАҢА «БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

25 қыркүйекте Алматыда «Астана Моторс» ҚМК құрамында BMW және MINI маркаларын ұсынатын «Бавария Автоорталығы» жаңа дилерлік орталықтың ашылуы өтті.

Жаңа автоорталық қаланың айтулы бөлігінде Әл-Фараби даңғылының бойында Жароков көшесімен қиылысында орналасқан. Дилерлік орталық BMW концернінің ең жаңа стандарттары бойынша құрылған. Ғимараттың ультразаманауи сәулеті атақты неміс маркасының әлеміне шөгінуге мүмкіндік береді.

Барлық «Астана Моторс» ҚМК автоорталықтары сияқты «Бавария автоорталығы» «3 S» ұстанымы: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату) бойынша жұмыс істейді.

Жаңа дилерлік орталықтың жалпы алаңы 4 295 шаршы метрді құрайды. Кең шоурумнан басқа, онда сервистік бекет, көлік жуу, қосалқы бөлшектердің қоймасы және кеңселік ғимараттар бар. «Сбербанк» АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың жиынтық көлемі 1,6 млрд. теңгеден асты.

Талғампаз шоурумда Қазақстанға жеткізілетін BMW және MINI автокөліктерінің бірқатар үлгісі, BMW Motorrad мотоциклдері, түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар ұсынылған. Сондай-ақ, осы жерде қаржылық өнімдер мен қызметтердің үлкен таңдауы ұсынылады.

«Бавария автоорталығының" жаңа сервистік аумағы ең алдыңғы қатарлы технологияларды қолданумен, автокөліктер және мотоциклдердің сатылымнан кейінгі қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынады. Бірегей диагностикалық қызмет көрсету ақаулықтарды жылдам және тиімді анықтауға, ал BMW сертификатталған соңғы сервистік жабдықталуы барынша аз уақытта жұмыстардың барлық түрлерін, оның ішінде кез келген қиындықтағы құралды жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзім ішінде орындауға мүмкіндік береді. Сервистік бекет айына шамамен 500 автокөліктерге қызмет көрсете алады.

«Бавария Автоорталығының" мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 107 (Жароков көш. қиыл.).

Тел.: +7 (727) 390 00 22, 390 44 22


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Astana Motors GWM брендімен бірге Польша нарығына шығады

Astana Motors Қазақстанда шығарылған алғашқы GWM пикаптарын таныстырды

Жергілікті өндіріс коммерциялық көлік сегментінде брендтің позициясын күшейтеді және бизнес үшін жаңа ұсыныс жасайды

Astana Motors компаниясы Chery брендімен Словакия нарығына шықты

2025 жылдан бері Astana Motors компаниясы Чехияда нарығына Chery брендін ресми түрде ұсынады және бұнымен тоқтамай Еуропадағы ауқымын кеңейту.

Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.